Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы өз жұмысын жалғастыра бермек

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы өз жұмысын жалғастыра бермек

9 қаңтар 2015

Бірқатар БАҚ «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы тоқтатылды» деген ақпарат жариялады. Бүгін бұл жайтқа қатысты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түсініктеме берді. Қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, құрылыстың барлық талаптары мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қолжетімді тұрғын үй алу тетіктері сол күйінде сақталып қала бермек.  

Банк «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» немесе «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» атты екі бағытты жүзеге асыруды жалғастыратын болады. «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы аясында белгіленген құрылыс көлемі де өзгермейді. Мәселен, 2015 жылы «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша, ҚТҚЖБ желісімен жалпы ауданы 326 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді, «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша – жалпы ауданы 213 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін елімізде жалпы  ауданы 2 миллион 806 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынбақ. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерінің айтуынша, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы дербес бағдарлама болып саналмайды. Ол «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының» құрамына кірді. Аталған бағдарламамен бірге тағы да төрт мемлекеттік бағдарлама біріктіріліп отыр. Бұл 2014 жылдың 28 маусымында Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Жаңа құжат аймақтар мен ірі агломерацияларды кешенді түрде дамытуға мүмкіндік бермек. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру