«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру | Нысан: Қостанай қаласы, Әуежай ықшам ауданындағы №45 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды 1485.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

21 сәуір 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Қостанай қаласы, Әуежай ықшам ауданындағы №45 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды 1485.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31.08.2020 ж. Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 72,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 36 пәтер, ең жоғарғы ауданы 39,41 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 57,84 ш.м.
Пәтер түрі 3, 3-¬бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 78,4 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 06.05.2020 ж. бастап 28.05.2020 ж. дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 29.05.2020 ж.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына өтінімдерді қабылдау үшін, тұрғын үй құнының 10%-дан кем емес мөлшерде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болуы тиіс
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары нысанға және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Тұрғын үйдің кемінде 50%-ы ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің байланыс-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру