Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылданатындығын хабарлаймыз

«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылданатындығын хабарлаймыз

13 Сентября 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Жергілікті атқарушы органдары арқылы Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініш қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Нысан: «90 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а., Гастелло көшесі, 46 үй» мекен-жайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 30.09.2016 жыл.

«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 125 000 теңге.

Жайлылық класы: ІІІ

Пәтер саны: 90,
Пәтер түрі 1 - бөлмелі: 14 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 40,59 ш.м.;
Пәтер түрі 2 - бөлмелі: 48 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 66,06 ш.м.;
Пәтер түрі 3 - бөлмелі: 28 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 85,98 ш.м.;

Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 15.09.2016ж. бастап 09.10.2016ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 10.10.2016ж.

Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Нысандағы тұрғын үйдің 50%-ынан кем емесі ЖАО кезегіндегілер арасында бөлінеді. Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткенд ЖАО кезегіндегілер саны жеткілікті болмаған жағдайда, тұрғын үйлер басқа өтініш берушілері, яғни Банк салымшылары арасында бөлінеді.

Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштер саны өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін жеткілікті түрде берілмесе, Банк берілген өтініштердің күші жойылатынын мәлімдейді.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28 мекенжайында орналасқан Банк филиалында қабылданады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!