Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Орал қаласында қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Орал қаласында қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

17 июля 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.

Нысан: «Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойында орналасқан 9 қабатты, 180 пәтерлі тұрғын үйлер кешені, №4-Дақ».
Құрылыстың аяқталу мерзімі: маусым 2017 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 412 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 9, оның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 9 пәтер – 7-қабат пен 9-қабат аралығында, ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр.
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 18 шілде мен 2017 жылғы 01 тамыз аралығы.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 02 тамыз 2017ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 8 тамыз 2017ж. – 21 тамыз 2017ж. аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 8 тамыз 2017ж. – 5 қыркүйек 2017ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 5 қыркүйек 2017ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру