Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

20 июля 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар ТЖЖ-дағы 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені, №35 айқындама».
Құрылыстың аяқталу мерзімі: маусым 2017 ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: «таза» әрлеумен 141 135 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 54 пәтер, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 27 пәтер, 5 қабаттан 9 қабат аралығында ,максималды көлемі – 53,8 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 10пәтер, 8 қабаттан 9 қабат аралығында максималды көлемі – 68,24 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі:5 пәтер, 5 қабаттан 9 қабат аралығында, максималды көлемі – 73,53 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 12 пәтер, 7 қабаттан 9 қабат аралығында максималды көлемі – 80,21 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2017 жылдың 18 шілдесі мен 1 тамызы аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2 тамыз 2017ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 8 тамыз 2017ж. – 21 тамыз 2017ж.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2017 ж. 8 тамыздан –2017ж. 5 қыркүйекке дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 5 қыркүйек 2017ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру