Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарландыру

2 марта 2020
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, уч.5,0 га мекенжайы бойынша орналасқан 72 пәтерлік тұрғын үй, №5, №11 дақтар, нысан коды – 1246.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31.12.2018 жыл
«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000,00 теңге
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 2 (екі), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 1 пәтер, жалпы ауданы 39,43 шаршы метр.
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 1 пәтер, жалпы ауданы 45,57 шаршы метр.

Пул құрусыз өткізілетін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2020 жылғы 05 наурыздан бастап 2020 жылғы 16 наурызға дейін (қоса алғанда).

Пулды құрусыз өткізілетін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 20% көлемінде жинағы болуы шарт.


Іріктеуден өту уақыты (төлемқабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондау уақытынан бастап 5 (бес) күні.

Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.


Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.




Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру