«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру | Нысан: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы, 35/2 ұстаным.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

22 маусым 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы
жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы, 35/2 ұстаным.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.06.2020.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 4

Пәтер саны: 27,
Пәтер түрі:1, 2-бөлмелі: 9- пәтер, максималды көлемі – 54,41 ш.м.
Пәтер түрі:2, 2-бөлмелі: 9- пәтер, максималды көлемі – 54,56 ш.м.
Пәтер түрі:3, 3-бөлмелі: 9- пәтер, максималды көлемі – 68,34 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 17.06.2020ж. бастап 16.07.2020ж. дейін.

Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 17.07.2020ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернетресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернетресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру