Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобалар

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобалар

22 декабря 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Мекенжайы Жұмабаев және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысы бойынша орналасқан: «Қошқарбаев және Жұмабаев даңғылдары қиылысатын ауданда көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (жобалануы) 2 телім» нысаны
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31 желтоқсан 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 180 000 (жүз сексен мың ) теңге.
Жайлылық сыныбы: ІV
Пәтер саны: 292
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 94 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 34,45 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 125 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 56,42 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 73 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 72,04 ш.м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 25.12.2017 - 24.01.2018 жж.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу), Нысан келісілген жағдайда: 25.01.2018 ж.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйдің кемінде 50%-ы ЖАО кезегіндегілер арасында бөлінеді.
Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен ЖАО кезегіндегілердің саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары арасында басқа өтініш берушілерге бөлінеді.]
«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға өтініш бере отырып, Банк салымшылары Нысанға, оны әрі қарай іске асыруға дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банкте:
- Нысанды келісу үшін салымшылардың өтініштерінің саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады) жеткілікті болса, берілген өтініштер бойынша балл есептелінетін болады;
- салымшылардың өтініштерінің саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады) жеткіліксіз болса, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.



Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру