«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының назарына!
Тізім www.almaty-zhastary.kz порталына орналастырылды.
Іріктеуден өткен жүз қатысушыға жолдамалар жіберілді. Сіз оны ЭСҚ авторизациядан өту арқылы www.almaty-zhastary.kz порталынан көре аласыз.
Сіз жолдаманы алған соң, біліктілікті өту үшін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жүгінуіңіз қажет.
МАҢЫЗДЫ!
Егер 5 күндік жұмыс аралығында (17 қарашаны қосқанда) банкке бармаған жағдайда, жолдама нөлденеді.
Сондай-ақ, резервистер тізімі www.almaty-zhastary.kz порталына орналастырылған.
Бас тартудың ең көп жіберілген себептері мен қателіктері www.almaty-zhastary.kz порталында көрсетілген.
МАҢЫЗДЫ!
Егер 5 күндік жұмыс аралығында (17 қарашаны қосқанда) банкке бармаған жағдайда, жолдама нөлденеді.
Телефон бойынша анықтамалар: 87273800523, 87273800502.
Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде іске асырылатын
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ең кең таралған бас тарту себептері
«Алматы жастары» Бағдарламасына қатысушылардың Бағдарламаның талаптарына келесі сәйкессіздіктер анықталды:
1. Өтініш берушінің немес зайыбының жасы 35-тен асып кетті;
2. Өтініш берушінің немесе отбасы мүшелерінің Алматы қаласында тіркеуі болмады, не болмаса өтініш берушінің немесе зайыбының Алматы қаласында 1 жылдық тұрақты тіркеуі болмады;
3. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшелерінің бірлескен ортақ меншігінде үлестерінің немесе тұрғын үйлерінің болу фактісі анықталды;
4. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан тұрғын үйді айырбастау фактісі анықталды;
5. Бағдарламаға қатысушыларының Алматы қаласында жарты жылдық (6 ай) жұмыс өтілі болмады. Аталған талаптар сәйкессіздігі кезінде қатысушылар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатпады.
Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде іске асырылатын
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардан жіберілген ең кең таралған қателер
«Алматы жастары» Бағдарламасының қатысушылары құжаттар мен өтініштер беру кезінде келесі қателіктерді жіберді:
1. Алматы қаласы көші-қон қызметі Басқармасынан Алматы қаласындағы әр түрлі мекенжай бойынша тіркеуді растайтын анықтамалар болмады;
2. Қажетті құжаттар мен түсірілген суреттер көшірмелерінің сапасыз сканы жапсырылған;
3. Ажырасқан азаматтар алдыңғы неке жылының санын күші бар неке ретінде есептеген;
4. Өтініште мәлімделген көшірмелер «ТҮҚЖБ» АҚ көшірмелерімен расталмады;
5. Жұмыс өтілі, неке тіркеуінің уақыты дұрыс емес көрсетілген (дөңгелектенген).