Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

29 декабря 2021
Сіздерді https://enpf-otbasy.kz платформасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жұмыс тәртібі жөнінде хабардар етеміз.

https://enpf-otbasy.kz платформасында біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінім беру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19-00-ге дейін қолжетімді болады. Жаңа жылда өтінімді 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08-00-де беруге болады. https://enpf-otbasy.kz платформасында 2021 жылғы 29 желтоқсанға дейін берілген өтінімдер БЖЗҚ-ға ағымдағы жылы жіберілетін болады. 2021 жылғы 29 желтоқсаннан кейін (30, 31 желтоқсан) берілген барлық өтінімдер БЖЗҚ-ға 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады.

Төмендегі:

     - арнайы шоттардан салымдарына аударымдар бойынша;
     - арнайы шоттардан екінші деңгейлі банктерге аударымдар бойынша;
     - арнайы шоттардан біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражатын беру бойынша

рәсімдер 2021 жылғы 31 желтоқсанда сағат 16.00-ге дейін қолжетімді болады.

Сондай-ақ, аударымдар 2022 жылғы 5 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08-00-де жаңартылады.

Сізден біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінім беруді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру