Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

3 желтоқсан 2021

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Қазақстан Республиқасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылдық округі, Тұкпай ауылы, Жарқын шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылдық округі, Тұқпай ауылындағы Орал-Ақсай тас жолы бойындағы «Жиырма 6 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің құрылысы» (абаттандырусыз және сыртқы желілерсіз).

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: 30 қараша 2021 жыл

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 160 000 теңге «таза» әрлеуде

Жайлылық сыныбы: 3

Пәтер саны: 120

Пәтер түрі 3, 3-бөлмелі: максималды көлемі 104,2 ш.м.

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 13.12.2021 ж – 10.01.2022 ж.

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 11 қаңтар 2022 жыл.

Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша негізгі тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Банк салымшылары Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Нысан үшін және оны одан әрі іске асыру үшін дауыс береді.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 5 (бес) % - ы мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылысы жинағы болуы тиіс.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыты бойынша қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру