Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімінің 2021 жылғы желтоқсан айының 9 жұлдызына (қоса алғанда) дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО орналасқан 5-7 қабатты 23 тұрғын үйдің құрылысы (7 қабатты 13 тұрғын үй)». Сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз, (объектінің коды 1815), орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қ. ӘІО
Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: қыркүйек 2021 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 180 000 теңге «таза» әрлеуде
Жайлылық сыныбы: 4
Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!