Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ерболат Досаев ТҚЖБ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып сайланды

Ерболат Досаев ТҚЖБ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып сайланды

12 июля 2016
2016 жылдың 11-ші шілдесінде «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар Кеңесінің отырысы болып өтті. Оның барысында Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев сайланды.

Директорлар Кеңесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының үй жағдайын жақсарту мүмкіндігін ұлғайтатын, әрі ел аймақтарындағы тұрғын үй құрылысын жандандыруға бағытталған «Өз үйім» бағдарламасының негізгі шарттарын қарастырды.

Сонымен қатар, отырыста «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, 2015 жылдың қортынды Есебі, Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалармен арадағы келісімдер мен басқару есептері алдын-ала бекітілді.

Директорлар Кеңесі отырысының қортындысы бойынша Банк Басқармасына «Өз үйім» бағдарламасын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алып, Банк салымшылары болып табылатын бағдарлама қатысушыларын қандай да бір қауып-қатерлерден сақтау бойынша міндеттер жүктелді.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру