Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан, Ақтөбе облысы, «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй кешені, №4 ықшам ауданы №23 үй мекенжайында орналасқан " Ақтөбе қаласы, №4 мөлтек ауданы, Нұр Ақтөбе тұрғын ауданы, №23 үй" нысаны.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 19.04.2021 ж. бастап 12.05.2021 ж. дейін.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!