Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

27 тамыз 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «5 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйлер салу» Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Бөгенбай көшесі, 25 Б үй мекенжайы бойынша орналасқан, код №1792.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 29 желтоқсан 2020 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 130 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4.

Пәтер саны: 10,
Пәтер түрі 1: 1-бөлмелі 7- пәтер, ең үлкен аумағы 35,17 ш.м.,
Пәтер түрі 2: 2-бөлмелі 3- пәтер, ең үлкен аумағы 57,4 ш.м.,

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 31.08.2021 ж. бастап 06.09.2021 ж. дейін.
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 07.09.2021 ж.

Өтінімдер Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында қабылданады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көмеліндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру