Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқауға өтініштер қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.
Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 10 ы/а, №18 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Бөрлі ауданының, Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшамауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (37-белгі, сыртқы инженерлік желілерсіз)».
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 04.05.2021ж. – 18.05.2021ж.
Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 19.05.2021 ж.
Өтініштер ЖАО кезегінде жоқ, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!