Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 қазанына (қоса алғанда) дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Нысан: «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 13 жер телім, 5 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1799».
Клиенттер тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 19 қазан 2021 жыл.
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2021 жылдың шілде айында.
Пулға өтініштерді беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 10% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!