Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Петропавл қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы дауыс берудің басталғандығы туралы

Петропавл қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы дауыс берудің басталғандығы туралы

2 августа 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «75 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Гастелло көшесі, 38 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: тамыз 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 125 000 теңге.
Жайлылық класы: ІV.
Пәтер саны: 75,
Пәтер түрі 1 - бөлмелі: 20 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 44,47 ш.м.
Пәтер түрі 2 - бөлмелі: 31 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 55,73 ш.м.
Пәтер түрі 3 - бөлмелі: 24 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 72,15 ш.м.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 04.08.2017ж. бастап 30.08.2017ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысан келісілген жағдайда): 31.08.2017ж.

Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банкингте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50% -дан кем емес бөлігі ЖАО –ның кезегіндегілерге үлестіріледі. Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікті көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр қызметіне хабарласуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру