Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенттік округі, Зачаганск кенті, Солидарности көшесі, 25 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №50 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)».
Объект коды: 1571
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 27 қазан 2021 ж. сағ. 10:00-нан сағ. 19:00-ге дейін. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен).
Брондау мерзімі 2021 ж. 27 қазанда сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).
Брондауға өтініш қабылдаудың шарты, депозитте жинақ сомасы тұрғын үй құнының кем дегенде 5 (бес) % мөлшерінде болуы тиіс.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында қабылданады.
Тікелей сатылымға ұсынылған өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптарды, құрылыс нысанының сипаттамасы, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттері мен тұрғын үйдің орналасуын қарау, Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!