Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату ұзартылуы туралы хабарлайды.
Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенттік округі, Зачаганск кенті, Солидарности көшесі, 25 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №50 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)»
1 ш/метрінің бағасы таза әрлеуде: 140 000 теңге
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: «08» шілде 2021 ж. сағат 10:00-нан бастап «09» шілде 2021 ж. сағат 19:00-ге дейін. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен). Брондауға өтінім қабылдаудың шарты депозитіңізде тұрғын үй құнынан кем дегенде 1 000 000 тенге болуы тиіс.
Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді таңдай алады, салымшының жарналары жинақталады.
Ең жоғары сыйақы мөлшері бар үміткерге пәтер брондауы тағайындалады.
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін растау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтінімдер Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!