Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Түркістан облысы, Түркістан қ. Жаңа қала ш.а. Шымкент тас жолы көшесі. №12/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Түркістан қаласының Жаңа Қала ш..а Шымкент Тас Жолы көшедегі №12/1 жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені».
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге.
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 07 шілде 2021 ж. сағ. 10.00-нан сағ. 19:00-ге дейін. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен).
Брондауға өтінім қабылдаудың шарты депозитіңізде тұрғын үй құнынан кем дегенде 20% болуы тиіс.
Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді таңдай алады, салымшының жарналары жинақталады.
Ең жоғары сыйақы мөлшері бар үміткерге пәтер брондауы тағайындалады.
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.
Өтінімдер Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!