Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтөбе қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іріктеуден өту мерзімінің өзгеруі туралы

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іріктеуден өту мерзімінің өзгеруі туралы

11 января 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағытының қосымша байқау бойынша іріктеу мерзімінің өзгеруі туралы хабарлайды.


Нысан: Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., "Нұр-Ақтөбе" тұрғын массиві, 4 шағын аудан, №16 үй (объект коды 349), «9 қабатты тұрғын үй».

Құрылыстың аяқталу мерзімі: желтоқсан 2017 ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 110 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3 класс
Пәтер саны: 106, соның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 13 пәтер, ең жоғарғы аудан 90,6 шаршы метр
1-бөлмелі пәтер түрі: 93 пәтер, ең жоғарғы аудан 49,5 шаршы метр

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2018 ж. 12 ақпаннан бастап 23 ақпанға дейін.
Үй тандау мерзімі; 2018 ж. 12 ақпаннан бастап 01 наурызға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2 наурыз 2018 ж.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Пәтер үйлестіру тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында орналасқан.




Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру