Құрметті салымшылар!
«Отбасы банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Алматы қ., Наурызбай ауд., Райымбек д., 590/1 ж.т., 1, 3, 4, 5, 6, 7 корпус (3, 6, 8, 9, 10, 11 н.) орналасқан. Объектінің коды №1722 "Нұрлы дала" ТК 2 кезең.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 240 000 теңге.
Тұрғын үйлерді брондау арқылы "Шаңырақ" бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 05 мамырдан 2021 жылғы 04 маусымға дейін.
Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру baspana.kz Банктің интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің интернет-ресурсында толығырақ танысуға болады www.hcsbk.kz "Қолжетімді тұрғын үй" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет ресурсында.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!