Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 19 қазанға дейін ұзартылатыны туралы хабарлайды.
Нысан: «3-қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй», Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Байқоңыров көшесі, 28А үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 20.10.2021 ж.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер тек ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!