Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімінің ұзартылатыны туралы хабарландыру

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімінің ұзартылатыны туралы хабарландыру

15 қазан 2021 Нысан коды: 1759

Құрметті, салымшы!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына  «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 19 қазанға дейін   ұзартылатыны туралы хабарлайды.

Нысан: «3-қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй», Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Байқоңыров көшесі, 28А үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 20.10.2021 ж.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2021 жылдың мамыр айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде  125 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4.

Пәтер саны: 1,  
Пәтер түрі  1-бөлмелі: 1 пәтер, ең үлкен аумағы – 45.4 ш.м.,

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. 

Өтініштер  тек ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру