Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырак» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау туралы хабарландыру.
Нысан: «Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы.». Орналасқан мекенжайы: Қазақстан, ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернетресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің тәртібіне әсер етуі мүмкін.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады, ЖАО-да кезекте болуы керек.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында несие сомасынан кемінде 10% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернетресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!