Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына пулды қалыптастырусыз қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: Петропавл қаласы Жамбыл көшесі «49А», мекен-жайы бойынша орналасқан «108 пәтерлі тұрғын үй»
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: «таза» әрлеудегі 160 000 теңге
Брондауға өтінім қабылдаудың шарты депозитіңізде тұрғын үй құнынан кем дегенде 10 % болуы.
Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді таңдай алады, салымшының жарналары жинақталады.
Ең жоғары сыйақы мөлшері бар үміткерге пәтер брондауы тағайындалады.
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.
Өтінімдер Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!