Біз клиенттердің дербес деректерін қорғаудың маңыздылығын түсінеміз және қауіпсіздік мәселелеріне үлкен мән береміз. Оқыс оқиғалар туралы хабарлау арқылы біздің сенімді банк болып қалуымызға және клиенттерімізді қорғау деңгейін арттыруға көмектесесіз.
Алаяқтықты болдырмау мақсатында «Отбасы банк» АҚ келесідей ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
Соңғы уақытта Қазақстанда ұялы байланыс және мессенджерлер арқылы жалған нөмірлерден қоңырау шалатын алаяқтар белсенді болып кетті. Қаскүнемдер аватарына банктің ресми логотипін қойып, клиенттерді жаңылыстыратын жағдайлар жиі кездеседі.
Ең көп таралған схемалардың бірі – клиентті састыру мақсатында қорқыту және қоңырау шалушының нұсқауларын орындауға мәжбүрлеу. Алаяқтар жәбірленушіні оның ақшасына қауіп төніп тұр деп сендіреді (шот бұзылды, шоттан рұқсат етілмеген есептен шығару жүргізілді, клиенттің атына кредит ресімделді және т.б.). Қысымды күшейту үшін әңгімеге өздерін банктің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстыратын сыбайластар қосылуы мүмкін.
Осындай қоңыраулардың мақсаты:
Бір қарағанда, бұл қолданбалар зиянсыз болып көрінеді, бірақ олар құрылғыға, оның ішінде құпия деректер мен банктік шоттарға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сақ болыңыз! Кез келген күдік туындаған жағдайда дереу ресми байланыс арналары арқылы банкке хабарласыңыз.
Клиенттің ақшасын сақтау үшін алаяқтар арнайы қолданбаларды орнатуға сендіреді. Әдетте жәбірленушіге:
Мұндай бағдарламаларды орнату қаскүнемдерге құрылғыдағы барлық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алаяқтар жиі қолданатын бағдарламалар – AnyDesk және RustDesk.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің № 54 Ережесінің талаптарына сәйкес, «Отбасы банк» АҚ алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын анықтау мақсатында клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізеді және алаяқтық төлем транзакцияларына қатысуы туралы расталған ақпарат бар клиенттердің транзакцияларын бұғаттайды.Егер клиенттің деректері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығының деректер базасымен сәйкес келсе, «Отбасы банк» АҚ мұндай клиенттерге тек шектеулі банктік қызметтер тізбесін ұсынады:
«Отбасы банк» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің № 54 Ережесіне сәйкес әзірленген заңнама және ішкі рәсімдер шеңберінде қатаң әрекет етеді.Клиент өз мәртебесі бойынша түсініктеме алу, сондай-ақ тексеру аяқталғаннан кейін банктік қызметтерге толық қолжетімділікті қалпына келтіру тәртібі туралы ақпарат алу үшін Банкке алаяқтық мәселелері бойынша жедел желі нөмірі (сенім телефоны): +7 (727) 330-94-80 арқылы хабарласуға немесе [email protected] электрондық поштасына өтініш жіберуге құқылы.
Сыбайлас алаяқтық фактілері бойынша жедел байланыс нөмірлері: +7 (727) 330-94-80 / эл.пошта: [email protected]
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!