Алаяқтықпен күрес | Отбасы банк

АНТИФРОД

Құрметті клиенттер!

Біз клиенттердің дербес деректерін қорғаудың маңыздылығын түсінеміз және қауіпсіздік мәселелеріне үлкен мән береміз. Оқыс оқиғалар туралы хабарлау арқылы біздің сенімді банк болып қалуымызға және клиенттерімізді қорғау деңгейін арттыруға көмектесесіз.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, бізге [email protected] мекенжайына хат жіберіп немесе төмендегі нысанды толтырып хабарлаңыз. Біз сіздің жолданымыңызды қысқа мерзімде қарауға тырысамыз. Алаяқтық мәселелері бойынша жедел желі (сенім телефоны): +7 (727) 330-94-80

Алаяқтықты болдырмау мақсатында «Отбасы банк» АҚ келесідей ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • өзіңіздің жеке деректеріңізді, деректемелеріңізді және шоттар туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеңіз және айтпаңыз;
  • белгісіз адамдардың өтініші бойынша қашықтан кіру бағдарламаларын орнатпаңыз;
  • хабарлардан, хаттардан немесе мессенджерлерден күдікті сілтемелер арқылы өтпеңіз.
Қазақстандағы алаяқтық: ақшаңызды зиянкестерден қалай қорғауға болады

Соңғы уақытта Қазақстанда ұялы байланыс және мессенджерлер арқылы жалған нөмірлерден қоңырау шалатын алаяқтар белсенді болып кетті. Қаскүнемдер аватарына банктің ресми логотипін қойып, клиенттерді жаңылыстыратын жағдайлар жиі кездеседі.

Ең көп таралған схемалардың бірі – клиентті састыру мақсатында қорқыту және қоңырау шалушының нұсқауларын орындауға мәжбүрлеу. Алаяқтар жәбірленушіні оның ақшасына қауіп төніп тұр деп сендіреді (шот бұзылды, шоттан рұқсат етілмеген есептен шығару жүргізілді, клиенттің атына кредит ресімделді және т.б.). Қысымды күшейту үшін әңгімеге өздерін банктің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстыратын сыбайластар қосылуы мүмкін.

Осындай қоңыраулардың мақсаты:

  • клиенттің мобильді қолданбасына қол жеткізу;
  • клиентті ақшаны «қорғалған» деп аталатын шотқа өз бетінше аударуға көндіру;
  • клиентті TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hoptodesk, RudeDesktop және басқа қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуға көндіру.

Бір қарағанда, бұл қолданбалар зиянсыз болып көрінеді, бірақ олар құрылғыға, оның ішінде құпия деректер мен банктік шоттарға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сақ болыңыз! Кез келген күдік туындаған жағдайда дереу ресми байланыс арналары арқылы банкке хабарласыңыз.

Қашықтан қол жеткізу бағдарламалары

Клиенттің ақшасын сақтау үшін алаяқтар арнайы қолданбаларды орнатуға сендіреді. Әдетте жәбірленушіге:

  • Play Market немесе App Store қолданбасын ашу;
  • іздеуге «қолдау» сөзін енгізу;
  • AnyDesk немесе RustDesk сияқты қолданбалардың бірін жүктеу ұсынылады.

Мұндай бағдарламаларды орнату қаскүнемдерге құрылғыдағы барлық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алаяқтар жиі қолданатын бағдарламалар – AnyDesk және RustDesk.

Алаяқтар ең көп қолданатын 10 сөйлем
  1. «Ақшаны сақтап қалу үшін оны ағымдағы шотқа аударыңыз немесе депозиттен алып, басқа шотқа аударыңыз»
  2. «Сізбен тергеуші / ІІМ / ҰҚК қызметкері (Т.А.Ә.) сөйлесіп тұр. Телефонды қоймаңыз!»
  3. «Бұл қоңырау туралы ешкімге айтпаңыз – құпия операция жүргізіледі!»
  4. «Код сөзін өзгертуге өтінім түсті»
  5. «Мен ұялы байланыс операторының қауіпсіздік жөніндегі қызметкерімін. Қазір сізге код келеді – оны хабарлауды сұраймын!»
  6. «Депозиттік қаражатты банктің «қорғалған» шотына аудару қажет»
  7. «Бұл ұлттық қауіпсіздік қызметкері. Сіздің қандай банктерде шоттарыңыз немесе кредиттеріңіз бар екенін хабарлауды сұраймыз. Осыған байланысты оларды дереу бұғаттау үшін карта немесе депозит деректерін беру қажет»
Ұсынылатын қауіпсіздік ережелері
  • Парольдеріңізді, SMS кодтарыңызды және есептік деректеріңізді ешқашан үшінші тұлғаларға бермеңіз.
  • Жеке ақпаратты немесе аккаунттарға қолжетімділік беру туралы өтінілетін хаттарға, қоңырауларға және хабарламаларға сенбеңіз.
  • Күдікті сілтемелерге, әсіресе олар ресми дереккөздерден келмесе, өтпеңіз.
  • Қоңырау сенімді болып көрінсе де, ресми сайтта көрсетілген нөмір бойынша әрқашан банкке қайтара қоңырау шалыңыз.
  • Есіңізде болсын: банк қызметкерлері ешқашан SMS-тен кодтарды, парольдерді, кодтық сөздерді сұратпайды және бөтен шоттарға, тіпті «резервтік» немесе «қауіпсіз» шоттарға болса да, ақша аударуды сұрамайды.
Банктік шоттарға қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бергені және сыйақы үшін аударымдарды жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік
Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді.

Заңмен қандай тыйымдар салынады:

2025 жылдан бастап заңда:
  • төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін өзінің банктік шотына, электрондық әмиянына немесе интернет-банкинг жүйесіне қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беруге;
  • заңсыз төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін басқа біреудің банктік шоттарын немесе төлем құралдарын иеленуге және пайдалануға;
  • материалдық сыйақы немесе өзге де пайда үшін үшінші тұлғалардың мүддесі үшін/пайдасына төлемдер немесе аударымдарды жүзеге асыруға тікелей тыйым белгіленді.
Айрықша жағдай заңнамада белгіленген тәртіппен тек ерлі-зайыптылар мен жақын туыстарына ғана қолданылады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабына сәйкес заңды бұзғаны үшін жауапкершілік:
  • Жоғарыда көрсетілген нормаларды бұзу мүлкін тәркілеу мүмкіндігімен айыппұл салудан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолдануды туындатады;
  • Банктік шотты немесе төлем құралын басқаруға заңсыз қол жеткізу - 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу.
Неліктен бұл маңызды?

Алаяқтар ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру немесе аудару үшін сенгіш адамдарды делдал ("дроппер") ретінде жиі пайдаланады. Мұндай схемаларға қатысу - Сіз "өтініш бойынша" әрекет етсеңіз де, барлық мән-жайды білмесеңіз де - қылмыстық жазаланатын әрекет.

Өзіңді қалай қорғай аласыз:
  • Ешқашан банктік шоттарыңызды, логиндеріңізді және құпиясөздеріңізді басқаларға бермеңіз;
  • "Сыйақы үшін" ақша аудару туралы ұсыныстарға келісім бермеңіз;
  • Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі кез келген күдікті ұсыныстардан сақ болыңыз.
Банк өз клиенттерін сақ болуға, заңнама нормаларын сақтауға және заңсыз әрекеттерге қатыспауға үндейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің № 54 Ережесінің 22-тармағының талаптарына сәйкес, ҚРҰБ Антифрод-орталығының оқиғалар туралы деректер базасына енгізілген клиенттер үшін қолжетімді банктік қызметтер тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің № 54 Ережесінің талаптарына сәйкес, «Отбасы банк» АҚ алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын анықтау мақсатында клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізеді және алаяқтық төлем транзакцияларына қатысуы туралы расталған ақпарат бар клиенттердің транзакцияларын бұғаттайды.

Егер клиенттің деректері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығының деректер базасымен сәйкес келсе, «Отбасы банк» АҚ мұндай клиенттерге тек шектеулі банктік қызметтер тізбесін ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес клиенттің шотына жалақы, еңбек демалысын төлеу, іссапар шығыстары, жұмыс берушінің өзге де төлемдері, сондай-ақ зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер түрінде түскен төлемдерді есепке жатқызу;
  • Банкте бұл түсімдердің алаяқтық сипаты туралы мәліметтер болмаған жағдайда, клиенттің шотына еңбек демалысын төлеу, жалақы, қызметтік іссапарларға арналған шығыстар және (немесе) жұмыс берушінің өзге де төлемдері түрінде есепке жатқызылған қолма-қол ақшаны беру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес клиенттің шотына зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және (немесе) өзге де әлеуметтік төлем түрінде есепке жатқызылған қолма-қол ақшаны беру;
  • Міндетті төлемдерді төлеу, оның ішінде салықтарды, коммуналдық және әлеуметтік төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды, сондай-ақ қарыздарды өтеу бойынша төлемдерді – көрсетілген төлемдер шеңберінде шотқа есептелген сома шегінде.

«Отбасы банк» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің № 54 Ережесіне сәйкес әзірленген заңнама және ішкі рәсімдер шеңберінде қатаң әрекет етеді.

Клиент өз мәртебесі бойынша түсініктеме алу, сондай-ақ тексеру аяқталғаннан кейін банктік қызметтерге толық қолжетімділікті қалпына келтіру тәртібі туралы ақпарат алу үшін Банкке алаяқтық мәселелері бойынша жедел желі нөмірі (сенім телефоны): +7 (727) 330-94-80 арқылы хабарласуға немесе [email protected] электрондық поштасына өтініш жіберуге құқылы.

Сыбайлас алаяқтық фактілері бойынша жедел байланыс нөмірлері:
+7 (727) 330-94-80 / эл.пошта: [email protected]

Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру