Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
2024 жылдың 1-ші қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге тең. Мысалы, отбасында 5 адам – екі ата-ана және үш бала, олардың бір айдағы жалпы табысы 217 035 теңгеден аспауы тиіс.
Қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғын үй өздері іздейді. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторларды ескеру қажет.
Өтініш беруші жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 ш.м. жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен астананың коэффициенттері негізінде есептеледі.
Мысалы, Алматы тұрғындары үшін құны 1 ш.м тұрғын үй 3 326 теңге деңгейінде анықталды. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы құны 133 045 теңге болатын жалға берілетін тұрғын үй таба алады.
Алдымен жалға берілетін тұрғын үйдің ауданын тексереміз. Ол рұқсат етілген ауданнан үлкен немесе кіші ме? Егер үлкен болса, онда ең үлкен рұқсат етілген аудан бойынша, ал кіші болса, онда нақты белгіленген аудан бойынша есептейміз. Нәтижесінде шыққан жалдау ақысын келісімшартта көрсетілген жалдау ақысының сомасымен салыстырып, субсидияны есептеу үшін кішісін таңдаймыз, содан кейін екіге бөлеміз.
Мысал: 5 адамнан тұратын отбасы Алматы қаласында ауданы 60 ш.м. пәтерді 200 000теңгеге жалға алғысы келеді. Бұл жағдайда субсидиялар тұрғын үйдің нақты ауданы 60 шаршы метрден есептеледі. 200 000 теңге / 2 = 100 000 теңге пәтер үшін төленетін субсидия мөлшері. 200 000 – 100 000 = 100 000 теңгені жалға алушының өзі төлейтін болады.
Сіздің Отбасы банкінде депозитіңіз бар. Отбасы банкінде депозитіңіздің болуы сізге арнайы шотты автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді, содан кейін оған төлемдер аударылады*.
Пайдаланушы otbasybank.kz порталының басты бетінде өзінің субсидия алуға үміткер азаматтардың тізімінде бар-жоқтығын тексереді. Ол үшін ЖСН мен телефон нөмірін енгізу қажет
Егер пайдаланушы үміткерлер тізімінен табылса, әрі ол Банк клиенті болса, онда өтініш беру мүмкіндігі бар басты бет ашылады.
Пайдаланушы өтініш береді. Ол үшін төлемдерді алу туралы өтінішке қол қояды және жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдеп, отбасының құрамын анықтайды.
Отбасының құрамын анықтағаннан кейін, кәмелеттік жасқа толған әрбір отбасы мүшесі otbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, жеке деректерді жинау және өңдеу келісіміне, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу құқығына, табысы туралы ақпараттың шынайылығына кепіл болатын келісімдерге қол қоюы керек. Өтініштерге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады
Жүйе деректерді қайтадан тексеріп, өтініш берушіге субсидия алуға келісім береді немесе себебін түсіндіріп, өтінішін кері қайтарады.
Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алу аймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының максималды мөлшері мен қатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.
Субсидия алуға мақұлдау өтініш мақұлданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды. 1 (бір) күнтізбелік ай өткеннен кейін өтініш жойылады.
«Пәтер иесі туралы деректер» бөлімінде өтініш беруші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуі керек және осы сәттен бастап процесс жалға алынатын тұрғын үйдің иесі қосылатын екінші кезеңге өтеді.
Баспананы жалға беруші де otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеледі
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!