Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Жалдамалы тұрғын үй

Жалдамалы тұрғын үй

Жалпы талаптар
Өтінімді қалай беруге болады
Жалпы талаптар
Қазақстан Республикасының азаматтығы
отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс
тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепке қойылғанын растау және санаттары бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау
Төрт санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар мемлекет қолдауына үміткер бола алады:
1 және 2 топтағы мүгедектер
мүмкіндігі шектеулі балалары бар
жетім балалар
көп балалы отбасылар
ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУ ҮШІН ОТБАСЫ ТАБЫСЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС?

Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге тең. Мысалы, отбасында 5 адам – екі ата-ана және үш бала, олардың бір айдағы жалпы табысы 217 035 теңгеден аспауы тиіс.

ТАБЫС РЕТІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?
Жалақы
ЖК кірістері
Өтеулі қызмет көрсету келісімшарты бойынша табыс
Жалға берілетін тұрғын үйдің құны

Қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғын үй өздері іздейді. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторларды ескеру қажет.

Өтініш беруші жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 ш.м. жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен астананың коэффициенттері негізінде есептеледі.

Өтініш беруші жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 ш.м. жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен астананың коэффициенттері негізінде есептеледі.

Аймақ Коэффициент 1 ш.м бағасы
Астана қ. 1,11 3 326
Алматы қ. 1,11 3 326
Шымкент қ. 1,43 2 582
Ақмола облысы 1,75 2 110
Ақтөбе облысы 1,75 2 110
Алматы облысы 1,61 2 293
Атырау облысы 1,41 2 447
Шығыс Қазақстан облысы 1,78 2 074
Жамбыл облысы 2,24 1 648
Батыс Қазақстан облысы 1,72 2 147
Қарағанды облысы 1,52 2 429
Қостанай облысы 1,75 2 110
Қызылорда облысы 2,14 1 725
Маңғыстау облысы 1,30 2 840
Павлодар облысы 1,55 2 382
Солтүстік Қазақстан облысы 1,75 2 110
Абай облысы‎ 1,78 2 074
Ұлытау облысы‎ 1,72 2 147
Жетісу облысы 1,61 2 293
Түркістан облысы 1,82 2 029
Жалға берілетін тұрғын үйдің отбасының құрамына қарай төлем жасауға рұқсат етілген жалпы алаңдары:
саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін - 40 ш. м. артық емес
саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін-60 ш. м. артық емес
саны 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін - 80 ш.м. артық емес
Егер тұрғын үй үлкен болса, онда айырмашылықты жалға алушы өзі төлейді.

Мысалы, Алматы тұрғындары үшін құны 1 ш.м тұрғын үй 3 326 теңге деңгейінде анықталды. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы құны 133 045 теңге болатын жалға берілетін тұрғын үй таба алады.

Алдын ала есептеуді өзіңіз қалай жасай аласыз?

Алдымен жалға берілетін тұрғын үйдің ауданын тексереміз. Ол рұқсат етілген ауданнан үлкен немесе кіші ме? Егер үлкен болса, онда ең үлкен рұқсат етілген аудан бойынша, ал кіші болса, онда нақты белгіленген аудан бойынша есептейміз. Нәтижесінде шыққан жалдау ақысын келісімшартта көрсетілген жалдау ақысының сомасымен салыстырып, субсидияны есептеу үшін кішісін таңдаймыз, содан кейін екіге бөлеміз.

Мысал: 5 адамнан тұратын отбасы Алматы қаласында ауданы 60 ш.м. пәтерді 200 000теңгеге жалға алғысы келеді. Бұл жағдайда субсидиялар тұрғын үйдің нақты ауданы 60 шаршы метрден есептеледі. 200 000 теңге / 2 = 100 000 теңге пәтер үшін төленетін субсидия мөлшері. 200 000 – 100 000 = 100 000 теңгені жалға алушының өзі төлейтін болады.

Жалдау ақысын субсидиялауға өтініш берместен бұрын, төмендегі шарттарға көз жеткізу керек:
Сізде қолданыстағы электрондық цифрлық
қолтаңба (ЭЦҚ) бар
Сіздің Отбасы банкінде депозитіңіз бар. Отбасы банкінде депозитіңіздің болуы сізге арнайы шотты автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді, содан кейін оған төлемдер аударылады*
*Депозит ашу жолдары:

Мобильді қосымшасы

«Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы. Ол үшін Play Market-тен немесе App Store-дан смартфонға «Otbasy bank» қосымшасын жүктеп алу керек. Бұл жағдайда жеке куәлік пен жақсы жұмыс істейтін интернет қажет

Бейнебанкинг

бейнебанкинг/бейнеқоңырау қызметтерінің көмегімен. Бейнебанкинг қызметін қолдану үшін HCSBK.KZ банк сайтының оң жақ бұрышындағы бейнекамера белгісін басыңыз. Менеджермен бейнеқоңырау арқылы байланысу үшін идентификациядан (жеке басыңызды растау) өту қажет

Кеңесшілер

«Отбасы Банкінің» кеңес беру орталығында, кеңесшілер арқылы. Кеңесшілердің тізімі банк сайтының «сіздің кеңесшіңіз» бөлімінде бар;

Қазпошта

Қазпошта бөлімшелерінде
  • Сіздің Отбасы банкінде депозитіңіз бар. Отбасы банкінде депозитіңіздің болуы сізге арнайы шотты автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді, содан кейін оған төлемдер аударылады*.

  • Пайдаланушы otbasybank.kz порталының басты бетінде өзінің субсидия алуға үміткер азаматтардың тізімінде бар-жоқтығын тексереді. Ол үшін ЖСН мен телефон нөмірін енгізу қажет

  • Егер пайдаланушы үміткерлер тізімінен табылса, әрі ол Банк клиенті болса, онда өтініш беру мүмкіндігі бар басты бет ашылады.

  • Пайдаланушы өтініш береді. Ол үшін төлемдерді алу туралы өтінішке қол қояды және жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдеп, отбасының құрамын анықтайды.

  • Отбасының құрамын анықтағаннан кейін, кәмелеттік жасқа толған әрбір отбасы мүшесі otbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, жеке деректерді жинау және өңдеу келісіміне, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу құқығына, табысы туралы ақпараттың шынайылығына кепіл болатын келісімдерге қол қоюы керек. Өтініштерге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады

  • Жүйе деректерді қайтадан тексеріп, өтініш берушіге субсидия алуға келісім береді немесе себебін түсіндіріп, өтінішін кері қайтарады.

  • Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алу аймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының максималды мөлшері мен қатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.

  • Субсидия алуға мақұлдау өтініш мақұлданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды. 1 (бір) күнтізбелік ай өткеннен кейін өтініш жойылады.

  • «Пәтер иесі туралы деректер» бөлімінде өтініш беруші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуі керек және осы сәттен бастап процесс жалға алынатын тұрғын үйдің иесі қосылатын екінші кезеңге өтеді.

Мақұлдау алынғаннан кейін баспананы жалға беруші процеске қосылады
  • 1

    Баспананы жалға беруші де otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеледі

  • 2 "Жалға алу ақысын субсидиялау" бөлімінде деректерін растайды
  • 3 Жеке деректерді жинау және өңдеу туралы өтінішке қол қояды
  • 4 Жалға берілетін пәтердің кадастрлық нөмірін және қаражат аударылатын 20 сандық шотты көрсетеді
  • 5 Жүйе жалдау шартын және төлем кестесін жасап шығады, оған тараптар ЭЦҚ арқылы қол қояды
  • 6 Субсидия алуға өтініш беруші жалдау шартын тіркегені үшін 4 810 теңге көлемінде мемлекеттік баж төлейді
  • 7 Субсидия алуға үміткердің жеке кабинетінде төлем кестесі бар жалдау шарты пайда болады.
Баспананы жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан жалға алуға, сондай-ақ қайта жалға өткізуге тыйым салады.
Өтінім беру
Скоро...

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру