«Отбасы банк» АҚ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) азаматтарға кредит беруі бойынша «Дипломмен - ауылға!" бағдарламасының операторы болып табылады.
Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (бұдан әрі - маман). Көрсетілген тізбені ЖАО алдағы кезеңге қалыптастырады.
Басты шарт - мамандар кредит алған кезде ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. Мамандардың кредит алуға өтініш беруі және ЖАО-ның мақұлдауы Банк порталында жүзеге асырылады. Кредит алуға өтініш беру үшін маман https://otbasybank.kz/ порталына тіркеліп, Жеке кабинетке кіруі тиіс, жеке тұлғаның ЭЦҚ болуы тиіс, мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.
ЖАО маманға төмендегідей шарттарды ескере отырып, іріктеу үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын немесе мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобаларды ұсынады:
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!