Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Зеленая ипотека

Жасыл ипотека

Өтінішіңізді жіберіңіз

Құрметті клиенттер!

Жасыл ипотека – бұл «жасыл стандартқа» сәйкес келетін нысаннан тұрғын үй сатып алуға берілетін банк заемы. Яғни нысанның ұлттық ӨМІР, ресейлік Р МЕМСТ, халықаралық BREAM немесе LEED стандарттарына сәйкестік сертификаты болуы керек.

Өнімдер бойынша объектілердің тізімі "Жасыл ипотека"

Ипотека талаптары
Заем мақсаты - ӨМІР/ Р МЕМСТ/ BREAM/ LEED сәйкестік сертификаттары бар, құрылыстың «жасыл стандартына» сәйкес келетін нысаннан жаңа тұрғын үй сатып алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу.;
Заем мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін;
Бастапқы жарна – шарттық соманың 20%-нан 50%-на дейін;
Қарыз сомасының 50%-ын жинақтағаннан кейін заем мөлшерлемесін төмендету -жылдық 3,5 % (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5 % (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) дейін;

Заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,5% (ЖТСМ 13,3% бастап 18,1% дейін); 

«Отбасы банк» АҚ-ның жас ғалымдар үшін 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша – жылдық 8 % (ЖТСМ 8,4% бастап 10,1% дейін)

"Алтын" деңгейінен төмен емес сәйкестік сертификаты бар объектілерде тұрғын үйді сатып алу/сатып алу және жөндеу кезінде сыйақы мөлшерлемесі:
- ЖАО кезекте тұрғандар - жылдық 7%
(ЖТСМ 7,3% бастап 8,4%-ға дейін);
- тұрғын үй төлемдерін алушылар-жылдық 8% (ЖТСМ 8,4% бастап 10,1% дейін)

Заемның ең жоғарғы сомасы  – 35 000 000 теңгеге дейін.

Мақұлдауды онлайн алыңыз. Өтінімді қазір қалдырыңыз, біз сізбен хабарласамыз

Қарыз алушының Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы Банк құқықтары:
  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру