Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Банк өнімдерінің тізбесі

Наурыз бағдарламасы




Депозитке 1 млн теңгеден бастап ақша жинай бастаңыз және конкурстан өтуге көбірек мүмкіндік алыңыз!
Өтініш берер алдында сіз барлық соманы бірден сала аласыз.
Бағдарламаға қаражат көлемі аз депозиттер қатыстырылмайды, сондақтан бүгіннен бастап ақша жинай бастаңыз!

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
• халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар үшін (ХӘОТ) - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
• тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, қандастар мен Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары үшін - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін).
Заемның ең жоғары сомасы (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде):
• Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін.
• ҚР қалған өңірлері үшін 30 млн теңгеге дейін.
Алғашқы жарна: заем сомасының 20%-нан бастап;
Несиелеу мерзімі - 19 жылға дейін;

Қарыздың нысаналы мақсаты:
Тұрғын үй сатып алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алу және бастапқы тұрғын үйді жөндеу.

Заем сомасының 50% жинақталғаннан кейін заем бойынша мөлшерле жылдық 3,5% (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5% (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді;
"НАУРЫЗ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ДЕПОЗИТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Жинақтау мерзімі: Отбасы банкінде депозит ашу қажет (жоқ болған жағдайда), алайда салым мерзімі ескерілмейді.
Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 1 млн теңге (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте депозитте кемінде 1 млн теңгеге тең болуы тиіс. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Бұл соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады.
Тарифтік бағдарламалар: "Табысты", "Жинақ", "Арнау" тарифтік бағдарламаларын қоспағанда, барлық тарифтік бағдарламалар ("Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды).
Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау: Салымшыда "Кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға алу" және "Отау" бағдарламаларына қатысушы мәртебесінің болмауы.
Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы: депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:
Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қандас мәртебесі;
Өтініш берген кезде қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек;
Соңғы 6 ай ішінде ресми табысының болуы (Кірістерге еңбек қызметінен түскен жалақы, кәсіпкерліктен түскен пайда, ақылы қызмет көрсету шарты бойынша түскен табыс, жәрдемақылар, стипендия және тұрғын үй төлемдері кіреді. Егер бағдарламаға қатысушының табысы жеткіліксіз болса, онда ол кепілгер болатын екі қарыз алушыны (туысқандық қатынастың болуы міндетті емес) тарта алады);
Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауын және тұрғын үймен жасалатылған операциялардың болмауын тексеру. Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда тұрғын үйдің бар-жоқтығы тек өзінен тексеріледі. Бағдарламаға қатысушылардың ата-аналарынан тұрғын үйдің бар-жоғын тексермейді;
Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды;
Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
Бағдарламаға қатысқаны және заем алғаны туралы ақпаратты банктің ресми сайтында орналастыруға келісім беру (бағдарламаға қатысушылар тізімінің ашықтығы үшін).

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ БАЛДЫҚ ЖҮЙЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

  • ХӘОТ мәртебесінің болуы - 10 балл;
  • Балалардың болуы (18 жасқа дейінгі) балалардыңасанына қарамастан - 10 балл;
  • Тіркелген некеніңеболуы – некеде тұру жылдарына қарамастан - 5 балл;
  • Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) – 5 балл;
  • Салым бойынша сыйақы мөлшерініңшкөлемі - әрбір 1 000 теңге үшін 1 балл.
САТЫП АЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Пайдалануға берілген, банктің кепілмен қамтамасыз ету талаптарына сай келетін алғашқы нарықтан алынатын тұрғын үй (көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер);
Салынып жатқан тұрғын үй (көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер), тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша, сондай-ақ банктің кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптарына жауап беретін сақтандырудың болуы;
Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарын қоспағанда, банктің кепілмен қамтамасыз ету талаптарына жауап беретін моноқалалардағы, ірі ауылдық елді мекендердегі, аудан орталықтарындағы екінші нарықтағы тұрғын үй (жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30% аспауы тиіс).

Сондай-ақ, бір несие аясында сатып алынып жатқан бастапқы баспананы жөндеу жұмыстарына да ақша алуға болады. Бастысы жөндеуге арналған қарыз сомасы тұрғын үй сатып алуға арналған кредиттің жалпы сомасының 20%-нан аспауға тиіс, бірақ қарыздың ең жоғары сомасы шегінде.

Бағдарламаға қатысушы пәтерді Баспана маркет порталынан таңдап, брондап, сатып ала алады (otbasybank.kz).

Заем сомасы 15 000 000 20 000 000 30 000 000 36 000 000
Бастапқы жарна сомасы 3 000 000 4 000 000 6 000 000 7 200 000
Жылдық, алдын ала қарыз мөлшерлемесі
7 %
9 %
7 %
9 %
7 %
9 %
7 %
9 %
Алдын ала қарыз бойынша ай сайынғы төлем, теңге
алғашқы 8 жыл
(19 жылдан)
126 500
151 500
168 700
202 000
253 000
303 000
303 600
363 600
Тұрғын үйзаемы бойынша ай сайынғы төлем, теңге
қалған 11 жыл
(19 жылдан)
58 500 81 700 128 000 155 827
Жалпы артық төлем, теңге
7 861 483
10 261 483
10 969 408
14 169 408
17 185 259
21 985 259
20 914 769
26 674 769


Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру