Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Асыл Мекен

Асыл Мекен

Құрметті клиенттер!

"Асыл Мекен" ауылдық елді мекендерді кредиттеу бағдарламасы – бұл ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алу үшін банк беретін қарыз (бұдан әрі-АЕМ), осы бағдарлама бойынша "Отбасы банк" АҚ қабылдайтын кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптарды Кредиттеу аймағына кіретін АЕМ-де тұрғын үй сатып алуға берілетін қарыздар ("Отбасы банк" АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (№26 хаттама) 29.06.2017 ж.)

Негізгі талаптар:

  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы. Тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитарлық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға жауап беретін жеке тұрғын үй бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (ұтқыр) тұрғын үй);
  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару фактілерінің болмауы.

Ипотека талаптары:

Қарыздың мақсаты – ауылдық елді мекендердің бастапқы немесе қайталама нарығында пайдалануға берілген тұрғын үйді (пәтерді, тұрғын үйлерді) сатып алу, АЕМ-де жеке тұрғын үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда).

*бағдарламада бір облыс бойынша кредиттер санына шектеу бар, кеңес алу кезінде анықтауды сұраймыз

Бастапқы жарна – 10% шарттық сомасынаң;

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%;

Алдын ала қарыздың мерзімі – 8 жылға дейін;

Тұрғын үй қарызының мерзімі – 11 жылға дейін

Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3,5-тен 5%-ға дейін (тұрғын үй заемына өту кезіндегі бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты) (номиналды мөлшерлемесі 3,5%, СЖТМ 3,6% - дан 4,4% - ға дейін, номиналды мөлшерлемесі 5%, СЖТМ 5,1% - дан 6,9% - ға дейін болғанда);

Қарыздың ең көп сомасы – 10 000 000 теңгеге дейін.

Ипотекалық несиелеу аймағына қойылатын талаптармен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.


ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру