Сіздің балаңыз 2006 жылы дүниеге келді ме? Құттықтаймыз! Ол қазірдің өзінде (егер бала 18 жасқа толса) немесе жақын арада (18 жасқа толғанда) БЖЗҚ шотынан қаражатты Отбасы банкінде ашылған өзінің ағымдағы шотына аудара алады.
Оны https://enpf-otbasy.kz/ платформасының көмегімен онлайн режимінде жасауға болады.
Жинақтарды тек 2 мақсатқа бағыттауға болады: тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуге болады.
Мақсаттардың атауы
Сұрақтарға жауаптар:
"Ұлттық қор – балаларға" қандай бағдарлама және ақшаны кімдер ала алады?
«Ұлттық қор - балаларға» – бұл мемлекеттік жоба, оның аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі, яғни 2006 жылғы және одан кейін туалған барлық балаларға бөлінеді.
18 жастағы бала жинақталған қаражатты қалай аудара алады?
Біз сіздерге арнап нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға сұрау салуды өз бетіңізше жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нұсқаулықты дайындадық. Сілтемеге өтіңіз.
Ақшаны алу үшін арнайы шот ашу керек пе?
Ешқандай құжаттарды жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Бастысы- egov.kz веб-порталдағы жеке кабинетіңізде балаңыздың деректерінің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар-жоғын, дұрыстығын тексеру қажет. Егер онда балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өзіңіз енгізіңіз, бұл өте жеңіл. Егер мәліметтер дұрыс көрсетілсе, ештеңе істеудің қажеті жоқ. Балалардың ата-аналары алғашқы есептеулер туралы ақпаратты 2024 жылдың ақпан айында egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте көре алады.
Егер бала 18 жасқа толса, алайда өз жинақтарын БЖЗҚ-дан алмаса, онда олар зейнетақы қорында қанша уақыт сақталады?
ЦНысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтаушы шоттарда он жыл сақталады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін ерікті зейнетақы жарналары түрінде азаматтардың жеке зейнетақы шоттарына автоматты түрде аударылатын болады.
Сіз бүгін біздің банкте депозит аша аласыз:
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!