«Отбасы банкінде» депозитті қалай ашуға болады?
-
БІЗ СІЗДЕРГЕ ДЕПОЗИТТІ ҚАШЫҚТАН АШУДЫҢ ЕКІ ТӘСІЛІН ҰСЫНАМЫЗ:Біздің сайтта бейне қоңырау арқылыӨз бетіңізше - «Otbasybank» қосымшасы арқылыБейне қоңырау арқылы депозит ашуОтбасы банкінде депозит ашу үшін енді тек бір рет қоңырау шалу жеткілікті! Ол үшін смартфон, планшет немесе камерасы бар және интернетке қосылған компьютер қажет.
- Бөлімшеге бармай-ақ, депозит ашу және Банктің басқа да қызметтерін пайдалануға болады
- Банк маманының толыққанды бейне кеңестері
Бейне қоңырау арқылы депозит иесі болу үшін сайттың диалогтік терезесіндегі "Бейнекамера" батырмасын немесе осы беттегі "Бейне қоңырау" батырмасын басу керек.
Әрі қарай, Сіз өзіңіздің телефон нөміріңізді енгізіп, «Қоңырау шалу» батырмасын басыңыз. Қызмет көрсету дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтінін ескеріңіз.
Депозитті 18 жасқа дейінгі балалар мен жеке кәсіпкерлерден басқа кез-келген адамға ашуға болады.1 шілдеден бастап біз «Жас отбасы» атты жаңа бағдарламаны іске қостық. Осы бағдарлама бойынша сіз бейне қоңырау арқылы депозит аша аласыз, тек жеке куәлігіңізден басқа неке туралы куәлігіңіз де қолыңызда болуы керек.Бейне қоңырау арқылы Сіз депозит ашып қана қоймай, басқа бірқатар операцияларды да жасай аласыз:
- Депозитті бөлу
- Деректемелерді өзгерту
- Депозитті бұзу
- Ағымдағы шотты ашу
- Депозит талаптарын өзгерту
- Алдын ала іріктеуден өту
- Алдын ала іріктеуден өту
Бейне байланыстың артықшылықтарын дәл бүгіннен бастап пайдаланыңыз.«Otbasybank» қосымшасында депозит ашуОтбасы банкінің ресми мобильдік қосымшасының көмегімен Сіз депозитті өзіңіз онлайн режимінде аша аласыз. Ол үшін қосымшаны смартфонға жүктеп, бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау керек. Депозитті онлайн ашу жөніндегі нұсқаулықты мына жерден жүктеп алуға болады.Отбасы банкінің Otbasybank мобильдік қосымшасында Сіз депозитті өзіңіз аша аласыз.
Егер Сіз әлі күнге дейін біздің клиентіміз болмасаңыз, оны дәл қазір ешбір рәсімділіксіз өзгертуге болады!- Мүмкіндігінше жылдам – бірнеше секунд ішінде банк қызметтеріне қол жеткізу
- Тәулік бойы – өзіңізге ыңғайлы кезкелген уақытта, елдің кез-келген жерінде, мерекелер мен демалыстарсыз
- Оңай – алғашқы депозит ашу үшін Сіз қарапайым нұсқаулықты қолдана аласыз
- Қауіпсіз – депозит ашу рәсімі басқа адамға Сіздің куәлігіңізді немесе басқа деректерді пайдалануға мүмкіндік бермейді
Депозитті қалай онлайн тәртібінде ашуға болады:- Өз смартфоныңызға біздің Otbasybank атты қосымшаны орнатыңыз. Басты беттегі «Клиент атану» батырмасын басыңыз
- Өзіңіздің дербес деректеріңізді (ЖСН және телефон) енгізіп, СМС-кодтың көмегімен телефон нөміріңізді растаңыз
- Жеке басыңызды анықтаудың қарапайым рәсімінен өтіңіз. Ол үшін телефон камерасымен жеке куәлігіңізді сканерлеп, содан кейін камераны бетіңізге қойып, экрандағы нұсқаулықтарды орындау арқылы басыңызды бұрыңыз
- Бағандарды банктің қызмет көрсетуі үшін қажетті жеке деректермен толтырыңыз
- Жүйе ұсынған сұрақтарға жауап беріңіз және депозиттің егжей-тегжейлері туралы: сізге қандай шарттық сома талап етіледі және жинақтау мерзімі қандай болатыны туралы айтып беріңіз. Жүйе қалған параметрлерді: депозитке салатын ай сайынғы жарна сомасын, заем мерзімін, заем бойынша мөлшерлеме мен заем бойынша ай сайынғы өтеу сомасын өзі есептейді
- Әрі қарай тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарттың жалпы талаптарына қосылуға арналған өтінішпен танысыңыз
- Сіздің телефон нөміріңізге жіберілген СМС кодтың көмегімен өз іс-әрекетіңізді растаңыз және интернет-банкинг үшін құпиясөзді енгізіңіз
Қосымшаны жүктеңіз де, бүгіннен бастап Отбасы банкіндегі депозитіңізге ақша жинай бастаңыз: -
БІЗ СІЗДЕРГЕ ДӘСТҮРЛІ ЖОЛМЕН ДЕПОЗИТ АШУДЫҢ ТӨРТ ТӘСІЛІН ҰСЫНАМЫЗ:Отбасы банкінің кеңес берушілерініңСіздің қалаңыздағы кеңес беру орталығындаБіздің банктің кез келген бөлімшесіндеСізге жақын жерде орналасқан "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне барып ашыңызСіз Шарт жасасуға бар болғаны 15 минут уақыт жұмсайсыз**кезекте күту уақытын есептемегендеМобильді кеңес берушілердің көмегімен депозит ашыңызСізге ыңғайлы болу үшін Қазақстанның әр қаласында Отбасы банкінің кеңес берушілері жұмыс істейді. Тәжірибелі маман Сіздің үйіңізге немесе кеңсеңізге Сізге ыңғайлы уақытта, соның ішінде демалыс немесе мереке күндері де келеді.
Сіз мобильді кеңес берушіні дәл бүгін шақыра аласыз. Ол үшін Сізге:
Отбасы банкінің «Сіздің кеңес берушіңіз»Өз қалаңызды табыңыз және таңдау жасаңызҰсынылған тізімнен кеңес берушіні таңдап,
көрсетілген телефон нөмірі бойынша оған қоңырау шалыңыз.Кеңес берушілердің жұмысының сапасын біздің клиенттер күнделікті тексеріп, бағалап отырады. Әр кеңес берушінің біліктілігінің кепілі - бұл жұлдызшалармен белгіленетін рейтинг.
Кеңес беру орталығында депозит ашуҚазақстанның барлық қалаларында біздің кеңес беру орталықтарымыз жұмыс істейді. Олардан Сіз қолданыстағы тарифтер мен бағдарламалар туралы толық және өзекті ақпарат ала аласыз. Кеңес беру орталықтарының қызметкерлері арнайы Сіз үшін жеке жинақтау жоспарын әзірлейді, сондай-ақ, Сіздің өңіріңізде салынып жатқан тұрғын үй нысанының ішінен Сізге ең қолайлысын таңдауға көмектеседі.
Мекенжайлары мен жұмыс кестесі бар кеңес беру орталықтарының толық тізімін осы жерден көруге болады.
Отбасы банкі бөлімшесінде депозитті ашуСіз әрқашан өзіңізге жақын бөлімшені таңдап, қызметтердің толық кешенін білуге және білікті көмек алу үшін келе аласыз. Ол үшін біздің сайттағы онлайн-брондау сервисі арқылы бөлімшеге баруды алдын ала брондау қажет.
Осы жерде жұмыс кестесімен және филиалдардың мекенжайларымен танысып, бару уақытын бірден брондауға болады.
Қазпошта бөлімшелерінде депозит ашуСіз біздің маманмен сөйлесіп алдыңыз ба және Сізге егжей-тегжейлі кеңес қажет емес пе? Қазпошта қызметтерін пайдаланыңыз. Қазпошта қызметкері банк бөлімшесіне бармай-ақ депозит ашып береді.
Депозит ашуға болатын пошта бөлімшелерінің толық тізімін осы жерден қараңыз.