Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Әріптестіктің шарттары

Отбасы банкінің ынталандыру жүйесі
  • «АзияДекор» ЖШС («12 месяцев» дүкені)
    Достар,сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Енді тағы бір жаңа серіктесіміз бар. Біздің банкте несие рәсімдеу арқылы сіздер серіктесіміздің тауарларына жеңілдік ала аласыздар!

    «АзияДекор» ЖШС («12 месяцев» дүкені) сертификаты бойынша жеңілдік алу шарттары (мекенжайы: Өскемен қаласы, А.Чехов 44 көшесі):
    Сайт: www.12mv.kz

    Сертификат иесі осы сертификаттың көмегімен «АзияДекор» ЖШС-де («12 месяцев» дүкені) құрылыс материалдарын сатып алу кезінде және бүкіл тауар түрлеріне 12% мөлшерінде жеңілдік алады.
    1.Сертификатты активтендіру үшін, оны алған адам өз сертификаты және жеке куәлігімен тиісті компанияның сауда нүктесіне барып, қажетті тауарды таңдап, оны алғаны үшін қолма-қол ақшасыз не компания кассасына қолма-қол ақшамен төлем жасауы тиіс.
    2.Сертификатты активтендіру кезінде компания оның активтендірілгені жөнінде мөр (штамп) басып, күнін, қолын, ішкі жөнелтпе құжатының нөмірін қояды. Сертификат иесі өз сертификатын өзге компанияларда пайдалану үшін, оны сақтап қою құқығына ие.
    3.Компания сертификаттың түпнұсқасын алуға құқығы жоқ, ол міндетті түрде тіркеу үшін сертификаттың көшірмесін жасайды.
    4.Компания түрлі варианттарды ұсынуға құқылы: түрлі тауар түрлерін / каталогтағы тауарлар (тапсырыс беру үшін), пәтер иесінің таңдауы үшін белгілі бір түстердің қатарынан әртүрлі түс түрлері. Сертификат иесі компанияның берген ұсыныстарын таңдауға құқылы. Аталған үлгілерге қатысты ұсыныс көлемі шектеулі болуы мүмкін және ол нақты өндіруші-компания тарапынан реттеледі.
    5.Акцияда бар немесе промо-бағамен тұрған тауарларға жеңілдік қосылмайды. Жеңілдік жинақталмайды.
    Сертификат иесі сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде бүкіл пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс материалдарын алу мақсатында арнайы бағадағы өз сертификатын бірнеше рет активтендіре алады (мәселен, асүй үшін түсқағазға жеңілдік, кіреберістегі есікке жеңілдік және т.б.)
    6.Сертификатты пайдалану мерзімі – оны толықтай активтендіргенге дейін және сертификат иесінің пәтерді толықтай жихазбен жабдықтағанына дейін.

    Сертификатты үшінші тұлғаға беруге болмайды.

    << Артқа

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру