Сіз бала дүниеге келісімен Отбасы банкінде оның атына жеке депозит аша аласыз!
Балалар депозиті Отбасы банкі депозиттерінің барлық артықшылықтарына ие:
оған 2% көлеміндегі банк сыйақысы мен бір жыл ішінде жиналған соманың (200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына беріледі) 20%-на тең мемлекеттік сыйлықақы аударылады;
ол Отбасылық пакеттің бір бөлігі бола алады, яғни бүкіл отбасының жинағы бойынша табысты арттыра алады;
3 жылдық жинақ мерзімі, келісім-шарт сомасының жартысы және қажетті Бағалау көрсеткіші деңгейіне жеткенде Балалар депозиті 5% және одан төмен мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді (депозит иесі 18-ге толған соң).
Депозит Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.
Кепілдік берілген максималды сома:
• жинақ салымдарын қоспағанда, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша (ағымдағы шоттар, мерзімді салымдар) - 10 млн теңгеден аспайды;
• шетелдік валютадағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама) - 5 млн теңгеден аспайды.
Егер банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше депозит ашылған болса, онда әрбір депозит түрі бойынша шекті сомаларды ескере отырып, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдыққа төленетін кепілдік берілген шекті сома – 20 млн теңге.
Балалар депозитін қалай ашу керек?
Баланың жасы 14-ке толмаса:
14 жасқа дейінгі баланың атына депозитті тек ересек адамдар аша алады, ол ата-ана немесе басқадай заңды өкіл болуы мүмкін (мысалы, қамқоршы).
14 жасқа дейінгі баланың атына депозит ашарда оның туу туралы куәлігі қажет. Сондай-ақ ата-ананың/заңды өкілдің бірі өзінің жеке куәлігін ұсынуы тиіс.
Бала 14-ке толса:
14 жастан бастап бала Отбасы банкінен депозитті өз бетінше аша алады, бірақ ата-анасының келісімі қажет.
14 жасқа толған баладан да туу туралы куәлік талап етіледі, онымен келісім-шарт бекіту үшін заңды өкілінің жазбаша рұқсаты қажет болады.
0-ден 14 жасқа дейінгі балаға депозитті 300 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе бейнебайланыс арқылы онлайн ашуға болады. Банк бөлімшелерінде 14 жастан 18 жасқа дейін.
Мектеп бітіріп, студент атанып жатқан баланы баспанамен қамтамасыз етудің тамаша жолы – ол бірінші сыныпқа барғанда атына Балалар депозитін ашып беру!
Депозит жинағы
Ай сайын депозитке 20 000 теңгеден ғана салып отырған күннің өзінде 12 жыл ішінде жиналатын ақша сомасы:
Жинақ – 2 880 000 тг
Банк проценты** – 440 000 тг
Мемлекет сыйлықақысы* – 665 000 тг
Жалпы жинақ – 3 985 326 тг
Несие бойынша төлем
Осыдан кейін сіз 3 700 290 теңгені заем түрінде жылдық 3,5%.
Сонда сіздің несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз 18 525 теңгені құрайды.
Жылдық мөлшерлеме 3,5%(ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін ) до 5% ( ЖТСМ 5,1% бастап 6,9 % дейін)
Заем қарастырып, ұйымдастыру үшін 0% комиссия
Төлем қабілеттілігін растау рәсімі жеңілдетілген
*20% көлеміндегі мемлекет сыйлықақысы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына есептеледі
**Депозит бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 2,4%-дан 14%-ға дейін, несие бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 5,1%-ға дейін
Ұлыңыздың немесе қызыңыздың атына депозитті кез келген ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде, тіпті, перзентханада ашуға болады. Ол үшін тек банк кеңесшісін шақыру керек. Ал баланың заңды өкілі оның қамқоршысы болса, онда депозит банк бөлімшесінде ашылады.
Атына депозит ашылған бала 14-ке толмаса, депозитке қатысты барлық операциялар, атап айтқанда тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартты бұзу, депозитті біріктіру және бөлу, табыстау және бір бөлігін шешіп алу тек қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімімен немесе шешімімен жүзеге асырылады.
Атына депозит ашылған бала 14 пен 16 жас аралығында болса, барлық операциялар оның жазбаша келісім арқылы ғана жүзеге асырылады.
Бала 18-ге толмаса, оның депозитін туған аға-әпкелерінің 18-ге толған балаларының, 18-ге толған немерелес аға-әпкелерінің, немерелес ата-әжелерінің атына аударуға болады.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы кодексінің 128-бабына сәйкес, 18-ге толмаған баланың депозитін оның заңды өкілдерінің, қамқоршысының, олардың жұбайлары мен баланың жақын туыстарының атына тікелей аударуға болмайды.
Балалар депозитін табыстау (басқа адамның атына аудару) тек Банк бөлімшелерінде ғана жүргізіледі.
Баланың болашақ баспанасына ақшаны тиімді жинаудың тәсілі - «Арнау» депозиті! Толығырақ мына жерде
Құрметті клиенттер, Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! «Отбасы Банкі» байланыс орталығының операторлары 2023 жылдың желтоқсан айының 31-і, 2024 жылдың қаңтар айының 1, 2-і аралығында жұмыс жасамайды. Ескертеміз, сіз Quanysh жеке кеңесшінің қызметтерін 24/7 режимінде пайдалана аласыз, бізге WhatsApp-қа +7 705 925 13 01 нөміріне жазыңыз!
Құрметті клиенттер! 8,9 наурыз 2025 жылы «Отбасы Банкі» байланыс орталығының қызметкерлері жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Осы уақытта сіз Quanysh жеке кеңесшісінің 24/7 режиміндегі қызметтерін пайдалана аласыз. Бізге WhatsApp-қа +7 705 925 13 01 нөміріне жазыңыз, біз сізге қуана-қуана көмектесеміз! Түсіністікпен қарағаныңыз үшін рақмет!
Сервис жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 15:00-ге дейін қолжетімді, жексенбі – демалыс.
Құрметті клиенттер! Мереке күндеріне байланысты Банк 25.03.2025 жылдан бастап клиенттерден өтініш қабылдауын қайта жалғастырады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.