Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ВКЛАД "AQYL"

"Aqyl" білім беру жинақтау салымы

Өтініш қалдырыңыз
Бұл Қазақстан республикасының кез келген азаматы үшін болашақта өз атына немесе баласының атына елімізде және шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болатын білім беру жинақтау салымын ашудың тиімді мүмкіндігі.

Сыйақы мөлшерлемелері:

  • 3 жыл – жылдық 12 % (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1% ДЕЙІН)
  • 5 жыл – жылдық 9,5 % (ЖТСМ 9,5% бастап 10,1% ДЕЙІН)

Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы:

  • • жетім балалар;
    • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    • мүгедектігі бар адамдар;
    • көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
    • аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін.
  • халықтың қалған санаттары үшін
Мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшері-республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайды (2024 жылы 100 AEK-369 200 теңге)

Мемлекеттік сыйлықақыны есептеу жыл сайын жинақтаудың ең аз мерзімі бір жыл болған кезде, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, салым сомасының нақты жинақталған қалдығына жүзеге асырылады. Мемлекеттік сыйлықақы шарттың қолданылу мерзіміне есептеледі.

Мемлекеттік сыйлықақы салымның негізгі сомасына капиталдандырылады. Мемлекеттік сыйлықақыны есептеудің ең ұзақ мерзім-20 жыл.
"AQYL" білім беру жинақтау салымы туралы шарт

  • Бастапқыда қабылданған салымның ең төменгі сомасы:

    үш айлық есептік көрсеткіш (AEK) - 2024 жылы – 11 076 теңге
  • Салымның нысаналы мақсаты:

    білім беру қызметтерін төлеу

Артықшылықтары:

  • ай сайынғы сыйақыны капиталдандыру;
  • салымның капиталдандырылған барлық сомасына есептелетін мемлекеттік сыйлықақы;
  • салым мемлекет пен үшінші тұлғалардың кез келген өндіріп алу амалдарынан қорғалған;
  • салымшы грантқа түскен жағдайда барлық соманы мемлекеттік сыйлықақымен қоса шешіп алуға, жинақтауды жалғастыруға немесе үшінші тұлғаның салымына қаражатты аударуға болады;
  • жинақтарды қазақстанның жоғары оқу орындарының, колледждерінің және шетелдік оқу орындарының ақысын төлеуге бағыттауға болады;
  • салымшының өзі отбасылық бюджетке сүйене отырып, салымды толықтырудың мөлшері мен жүйелілігін анықтайды.

Салым Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.

Кепілдік берілген максималды сома:
• жинақ салымдарын қоспағанда, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша (ағымдағы шоттар, мерзімді салымдар) - 10 млн теңгеден аспайды;
• шетелдік валютадағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама) - 5 млн теңгеден аспайды.

Егер банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше депозит ашылған болса, онда әрбір депозит түрі бойынша шекті сомаларды ескере отырып, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдыққа төленетін кепілдік берілген шекті сома – 20 млн теңге.

Салымды қайдан ашуға болады:

Білу маңызды: салымшының білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізімінде тіркелген бір ғана салым шарты болуы тиіс
"AQYL" білім беру жинақтау салымы туралы шарт
-

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру