Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Жаңалықтар

Жаңалықтар

  • Біліктілік басталғаны туралы хабарландыру

    Нысан коды: 2345
    «Отбасы банк» АҚ (бұдан ары - Банк) біліктіліктен өту қажеттілігі туралы (төлем қабілеттілігін бағалау). Нысан: «126 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, 1/5 үй Уалиханова көшесі, мекен-жайы бойынша орналасқан.
    Әрі қарай оқу
  • Тікелей үйді сату туралы хабарландыру «Өз үйім» бағдарламасы бойынша

    Нысан коды: 2558
    ""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша, Үлескерлерге несие беру бағытында тұрғын үйді сату туралы хабарлайды. Нысан: «Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы, Ю. Увалиев және Көкжал Барақ көшелерінің қиылысында коммерциялық үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй салу және орналастыру» (Сыртқы инженерлік желілерсіз), нысан коды-2558. Орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. 19 шағын аудан, Көкжал Барақ және Ю. Увалиев көшесінің қиылысы. Тапсырыс жасаушының аты-жөні: "Sparkle Diamond" ЖШС. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 10.05.2024 жыл.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асырудың жаңа шарттары туралы хабарлады

    2023 жылдың 15 тамызынан бастап, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында, жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу жаңа әдіспен жүзеге асырылады. 10% басталатын алғашқы жарна болған жағдайда, несиелер жылдық 2% және 5% мөлшерлемесімен (ЖТСМ 2% және 5,2% бастап сәйкесінше) беріледі. Несие мерзімі 20 жылға дейін болады.
    Әрі қарай оқу
  • Құрметті клиенттер!

    16 тамыз күні сағат 18:00-22:00 аралығында Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында қосымша трафик жүктемесін тестілеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты порталдың жұмысында қысқамерзімді үзілістер болуы мүмкін.

    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінің 170-тен астам салымшысы Тараз қаласында қоныс тойын тойламақ

    Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданынан көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа пәтерлерінің кілттерін алды. Үйлерді қоныстанушыларға қала әкімдігі салып берді. Жаңа пәтерлер таза әрлеуде, 1 шаршы метріне 160 000 теңгеден сатылды.  
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінде «Qamqor» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады

    Шымкент қаласының тұрғындарынан «Qamqor» жаңа өңірлік бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер 2023 жылдың 15 тамызы сағат 11.00 - 2023 жылдың 25 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) қабылданады. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, күтушілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады.
    Әрі қарай оқу
  • «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тікелей сату туралы хабарландыру.

    Нысан коды: 2812
    Нысан: «Ақтөбе қаласы Батыс-2 мөлтекауданда орналасқан 369 уй бес қабатт, тұрғын емес коммерциялық бөлмелері бар үй кешені», орналасқан мекенжайы: Қазақстан, Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ықшам ауданы, 369 үй (объект коды 2812). Тапсырыс берушінің аты – " Сконур Курылыс" ЖШС. Құрылысты аяқтаудың мерзімі: нысан пайдалануға берілді.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінде депозиттерді табыстау тек туысқандар арасында ғана қолжетімді болады

    2023 жылдың 21 тамызынан бастап Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) депозитті ақылы түрде табыстау (депозитті сату) қолжетімсіз болады. Онлайн табыстау – бұл депозиттердің онлайн дүкені іспеттес. Онда клиенттердің бірі салымдарын сата алса, екіншілері жинақтау жолын жылдамдатып, заемды тезірек алу үшін Отбасы банкінен шот сатып ала алады.
    Әрі қарай оқу
  • Құрметті клиенттер!

    2023 жылғы 21 тамыздан бастап Отбасы банктегі Интернет-банкинг арқылы депозитті Онлайн-басқаға беру (депозитті сату) сервисінің жабылатыны туралы хабарлаймыз. 2023 жылғы 21 тамызға дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін іске қосқан банк клиенттері аталған күннен кейін Банктің осы сервисті ұсыну талаптарына сәйкес процестерді стандартты режимде аяқтау мүмкіндігіне ие болады.
    Әрі қарай оқу
  • Іріктеудің басталатыны туралы хабарландыру

    Нысан коды: 2940
    «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде іріктеуден өту (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды. Нысан: «№44 көппәтерлі тұрғын үй», объектінің коды 2940, Абай облысы, Семей қ., Қарагайлы т.а., 44 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
    Әрі қарай оқу
  • «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді тікелей сату туралы хабарландыру

    Нысан коды: 2961
    «"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тікелей сату арқылы сату туралы хабарлайды. Нысан: «№50 А Көппәтерлі тұрғын үй» 2961 коды, Абай облысы, Семей қ., Қарағайлы т.а. 50 А үй мекенжайы бойынша орналасқан. Құрылыс салушы: "Арлан Строй Монтаж KZ" ЖШС. Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 19.05.2023 ж. пайдалануға берілген.
    Әрі қарай оқу
  • Іріктеу мерзімінің өзгеруі туралы хабарландыру

    Нысан коды: 2741
    «Отбасы Банк»  АҚ (бұдан әрі-Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) мерзімінің өгеруі туралы хабарлайды. Нысан: «Түркістан қ. ӘІО-да 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй салу» («Каскад» тұрғын үйі), нысан коды 2741.
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру