Жинақтау кезеңі – Отбасы банкінен заем алудың негізгі факторы болып табылады | Депозитке қаражат жинау – Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолжетімді мөлшерлемемен заем алудың негізгі өлшемшарты болып табылады. Салымшылардың жинақтары банк жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізі болып табылады. Оның арқасында клиенттер мемлекеттік немесе коммерциялық қаржыландыруды тартпай-ақ, жылына 3,5%-дан 10%-ға дейінгі (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) мөлшерлемемен заем ала алады. Яғни, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде клиенттер өздеріне несие береді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жинақтау кезеңі – Отбасы банкінен заем алудың негізгі факторы болып табылады

Жинақтау кезеңі – Отбасы банкінен заем алудың негізгі факторы болып табылады

15 ақпан 2024

Депозитке қаражат жинау – Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолжетімді мөлшерлемемен заем алудың негізгі өлшемшарты болып табылады.

Салымшылардың жинақтары банк жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізі болып табылады. Оның арқасында клиенттер мемлекеттік немесе коммерциялық қаржыландыруды тартпай-ақ, жылына 3,5%-дан 10%-ға дейінгі (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) мөлшерлемемен заем ала алады. Яғни, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде клиенттер өздеріне несие береді.

Бұл жүйедегі заемның негізгі түрі – тұрғын үй заемы болып табылады. Ол еліміздегі ең тиімді мөлшерлемемен – жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) заем алып, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Тұрғын үй заемы банк салымшысына баспана сатып алуға қажетті соманың кемінде 50% шотында кемі 3 жыл уақыт аралығында жинақталған жағдайда беріледі. Қолжетімді несие алудың тағы бір маңызды өлшемшарты – бағалау көрсеткіші. Бұл клиенттің қаржылық тәртібінің көрсеткіші. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым заем мөлшерлемесі төмен болады. Тұрғын үй заемын алу үшін оның ең төменгі деңгейі 16-дан кем болмауы керек.

Бүгінде банктің несие қоржынындағы тұрғын үй заемдарының үлесі 21 пайызға тең. Портфельдің басым бөлігі – аралық заемдардан тұрады. Олар 3 жыл күтуді және қаражат жинауды қаламайтын банк клиенттері арасында сұранысқа ие. Тұрғын үй құнының 50% қолында болғандықтан, клиенттер бірден аралық заем ала алатын, бірақ жоғары мөлшерлемемен.

Бұл жағдайда клиенттің қаражаты депозитте жинақталмаған, демек, жүйеде жұмыс істемеген болып саналады. Сондықтан, Отбасы банк жинақ мәдениетінің негіздерін нығайту мақсатында өткен жылы аралық заемдар бойынша мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен саралау бойынша жұмыс істей бастады. Аталмыш заем түрін беру енді бағалау көрсеткішіне және жинақтау кезеңіне байланысты. Қазіргі уақытта аралық заемды бағалау көрсеткішінің ең төменгі 2,5 мәнімен алуға болады. Бұл мәнге жету үшін депозиттегі ақша кем дегенде 3 ай бойы жиналуы керек.

2024 жылдың 15 ақпанынан бастап аралық заемды алу үшін бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні 5-ке дейін көтеріледі.

Бұл ретте аралық заем мөлшерлемелері төмендейді және 6%-дан 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 6,2%-дан бастап) болады.

Несие бойынша мөлшерлеме көлемі депозит бойынша жинақтау мерзіміне және бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты болады. Бағалау көрсеткіші жоғары болған сайын заем мөлшерлемесі төмен болады.

 

Бағалау көрсеткіші

10,0 бастап*

7,0 9,99*

5,0 бастап

Аралық заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі

6%-7,5%

6,5% -8%

7%-8,5%

*Аралық тұрғын үй заемдары бойынша көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері салымдарына өтемақы есептелген депозиттерге қолданылады.

 

Бағалау көрсеткішінің 5-тік мәнін тұрғын үй құнының 50% мөлшеріндегі сомаға салымды толтыру сәтінен бастап кемінде 6 ай мерзім өткен жағдайда алуға болады. Сонда ғана банк 8,5%-ға (ЖТСМ 8,9%-дан бастап) тең болатын ең жоғары мөлшерлеме бойынша заем береді.

Бағалау көрсеткішінің мәніне қарай аралық тұрғын үй заемдары бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемелері келесі бағдарламалар бойынша қолданылатын болады:

1. Банктің нарықтық бағдарламалары – алғашқы немесе екінші нарықтан тұрғын үй алу, жер телімін алу, баспананы жөндеу және жаңғырту, тұрғын үй құрылысы.

2. «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы аясында несиелендіру шарттары, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша.

3. «Жаңа баспана» (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін).

Тұрғын үй және алдын ала заемдар бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.

 

Аралық заем шеңберінде қазақстандықтар депозиттерін толықтырмай тұрып төлем қабілеттілігін алдын ала есептете алады.

Бұл опцияның артықшылығы неде? Бұл жағдайда банк клиенті өз мүмкіндіктерін алдын ала біле алады. Осылайша, банк кредиттік бюролар мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ деректерінің негізінде жоспарланған қарыз бойынша ең жоғары ай сайынғы төлемді және кредиттің ең жоғары сомасын айқындайды. Егер клиент осы есеп айырысуларға қанағаттанса, онда ол депозитті несие сомасының 50%-ы мөлшерінде толықтырады және бағалау көрсеткіші мәнінің кем дегенде 6 ай ішінде 5 мәніне дейін өсуін күтеді.

Сонымен қатар, ол төлем қабілеттілігінен өту қорытындысы бойынша мультисерификат алады, оны 7 ай ішінде аралық заем алу үшін пайдалануға болады. Осы кезең аралығында, яғни ақша депозитте сақтаулы уақытта, клиент банктің өзіне мақұлданған соманын ескере отырып, құрылыс салушыдан немесе екінші нарықтан асықпай жүріп пәтер брондай алады.

Егер 7 ай ішінде банк клиенті өзінің несиелік тарихын нашарлатпаса, егер оның несиелік өтінім беру күніндегі кірістері мен шығыстары нашар жаққа өзгермесе, егер ол өзінің отбасылық жағдайын немесе отбасы құрамын өзгертпесе, мультисерификатты қолдана алады.

Депозит бойынша бағалау көрсеткішінің мәні 5-ке жеткенде, клиент кредитті рәсімдеу үшін банкке жүгінеді.

***

             ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру