Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Жасыл ипотека» бағдарламасының аясында Отбасы банк өз клиенттеріне 1400-ге жуық пәтер ұсынады

«Жасыл ипотека» бағдарламасының аясында Отбасы банк өз клиенттеріне 1400-ге жуық пәтер ұсынады

17 мая 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) пилоттық жобасы – «Жасыл ипотека» қазірдің өзінде 6 өңірде жүзеге асырылуда.

Биылғы жылдың басында Астанада өтініштерді қабылдау басталды. Қазіргі таңда 100-ге жуық несие берілген.

Отбасы банк «жасыл ипотека» жобасын іске қосқалы, «жасыл стандарттарға» сай үйлер салып, банкпен ынтымақтастық орнатқысы келетін құрылыс компанияларының саны артты. Мәселен, қазір елордада салынып жатқан алты тұрғын үй кешенінен баспана алуға болады. Таңдауға 1000-нан астам пәтер бар. Алматыда тағы екі тұрғын үй кешені жобаға қатысып жатыр. Ал Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында аталмыш стандарт талаптарына сай бір-бірден тұрғын үйден бар.

«Жасыл стандартты» тұрғын үйлерге LEED, BREEAM және қазақстандық ӨМІР стандарттарына сәйкестік сертификаты бар нысандар жатқызылады.

«Жасыл стандартты» пәтерлерді 20% бастапқы жарнамен, Отбасы банк арқылы сатып алуға болады. Несие мөлшерлемесі 12,5% (ЖТСМ 13,3% бастап). Несиенің максималды сомасы – 35 млн теңге.

«Жасыл ипотеканы» жүзеге асыру үшін Отбасы банк бірінші кезеңде өз қаражаты есебінен 10 млрд теңге бөлді. Қаражат сұранысқа байланысты алты аймаққа бөлінеді.

Сондай-ақ Отбасы банк «Өз үйім» бағдарламасы аясында құрылыс салушылармен де ынтымақтасады. Аталмыш бағдарламаның көмегімен қазақстандықтар бүгіннің өзінде 22 446 баспана алып, қоныс тойын тойлады.

Отбасы банкінің жеке бағдарламалары тұрғын үйді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға көмектеседі. Несие мөлшерлемесі 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6% бастап) 10%-ға дейін (ЖТСМ 10,1% бастап).

Бағдарлама шарттарына сәйкес алғашқы жарна тұрғын үй құнының 50 пайызына тең болуы керек. Несие 25 жылға дейін беріледі.

«Өз үйім» 7 жыл бұрын іске қосылған болатын. Бағдарламаның алғашқы жылында 70 несие берілді. Қазір жылына орта есеппен 4000 несие рәсімделеді. Биылғы жылы заемның басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында берілді. Яғни, бұл аймақтарда құрылыс салушылар шаршы метрлердің сұранысқа ие санын қамтамасыз етіп, Отбасы банк клиенттеріне жаңа тұрғын үй сатып алу үшін оңтайлы жағдай жасауға дайын.

«Жасыл ипотека» жобасына және «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін баспананың бар-жоғы және тұрақты тіркеу маңызды емес. Мәселен, еліміздің кез келген өңірінің тұрғындары елордадан баспана сатып ала алады.

Отбасы банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова басқа да жобалар мен жоспарлар туралы бизнес-форум аясында әңгімелейді. Ол Астана қаласында 2023 жылдың 20 мамырында «Үздік құрылыс салушылардың жүздігі» халықаралық көрмесі алаңында өтеді.

 

Сондай-ақ форумда «My Home MWC» құрылыс компаниясының коммерциялық директоры Қайрат Әлібеков, «Асар үме» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Қазақстандағы «Smart Home» жүйесінің өкілі, кәсіпкер Ұлықпан Есенғұлов, Freedom Bank астаналық филиалының директоры Ардақ Елеусізов, «Игорь Рыбаковтың X10 академиясының» президенті Алексей Ершов, Дубайдағы инвестициялар бойынша сарапшы Оксана Бакаева және т.б. сөз сөйлейді.

«Үздік құрылыс салушылардың жүздігі» көрмесіне 6 елдің – Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Кипр, Гүржістан, Өзбекстан сияқты ірі құрылыс компанияларының өкілдері мен инвесторлар қатысады.

Қатысушылар өзекті салалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасады. Келушілер әртүрлі инвестиция жолдарын саралап, кең көлемде ақпарат алып, құрылыс компанияларынан үй сатып алу бойынша тікелей тиімді ұсыныстар ала алады. Несие беру бойынша кеңестерді қазақстандық банктердің қызметкерлері береді.

«Үздік құрылыс салушылардың жүздігі» халықаралық көрме-бизнес-форумының бас демеушісі – Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында көрсетілетін риэлторлық қызметтің көшбасшысы «Витрина Недвижимости» компаниясы. Шараның ұйымдастырушысы – «Concierge Show» ивент-компаниясы.

Өтетін орны: Астана қаласы, Тұңғыш Президент мұражайы (Бейбітшілік к-сі, 11). Уақыты: 10.00-ден 22.00-ге дейін. Кіруі тегін.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру