Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Жамбыл облысында жастарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы басталады

Жамбыл облысында жастарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы басталады

24 июня 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Жаңа бағдарламаны Жамбыл облысының әкімдігі мен Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп іске қосты. Жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге баспаналы болу үшін жеңілдетілген шарттармен заем алу мүмкіндігін береді.

Үміткердің жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың Жамбыл облысындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Табысы да ескерілетін болады. Отбасының әрбір мүшесі үшін ол 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейінен астауы керек (1 КМ – 37 389 теңге). Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.

Қазіргі таңда облыстың 35 жасқа дейінгі 7 140 тұрғыны баспана кезегінде тұр. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 318 жас азамат жеке пәтер алуға мүмкіндік алды. Биыл «Әулиеата жастары» бағдарламасы қолжетімді шарттармен тұрғын үй алудың тағы бір қосымша құралына айналады.

– Жамбыл облысы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды ​​қалаларының тәжірибесін алуда. Бұл қалаларда жергілікті билік Отбасы банкімен бірлесе, жас мамандарды қолдау мақсатымен дәл осындай баспана бағдарламаларын қолға алып үлгерді. Өз кезегінде біздің облыс әкімдігі жаңа жобаға 500 млн теңге бөлді, ал Отбасы банк жеңілдетілген шарттармен несие беруге көмектеспек. Осындай қолдаудың арқасында бағдарлама қатысушылары жуық арада қоныс тойын тойлайтын болады, – дейді «Отбасы банк» Жамбыл облыстық филиалының директоры Гүлзат Бекназарова.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтінімдерді қабылдау www.e-jambyl.kz порталында 20 шілде күні басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет. Баспананы алғашқы немесе екінші нарықтан және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен салынып жатқан нысандардан сатып алуға болады.

Тұрғын үй сатып алуға Отбасы банк 13 млн теңгеге дейін заем береді (егер мүліктің құны одан асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады). Бастапқы жарна – 5%, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%), несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру