Көкшетауда құрылыс салушы ҚТК-ның жаңа шарттары бойынша берілген алғашқы кепілдігін алды | 2026 жылғы 8 қаңтарда Көкшетау қаласында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) өкілдері жергілікті әкімдік, құрылыс салушылар және БАҚ өкілдерімен бірге Көкшетау қаласындағы тұрғын үй құрылысының дамуы мәселелерін талқылады.
Көкшетауда құрылыс салушы ҚТК-ның жаңа шарттары бойынша берілген алғашқы кепілдігін алды

Көкшетауда құрылыс салушы ҚТК-ның жаңа шарттары бойынша берілген алғашқы кепілдігін алды

8 қаңтар 2026

2026 жылғы 8 қаңтарда Көкшетау қаласында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) өкілдері жергілікті әкімдік, құрылыс салушылар және БАҚ өкілдерімен бірге Көкшетау қаласындағы тұрғын үй құрылысының дамуы мәселелерін талқылады.

Ақмола облысында 2016–2025 жылдар аралығында ҚТК қолдау құралдары есебінен пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 185,4 мың шаршы метрге жетіп, жалпы сомасы 31 млрд теңгені құрады. 2025 жылы Ақмола облысында жалпы сомасы 489 млн теңгеге 1,3 мың шаршы метр тұрғын үй сатып алынды.

2025 жылы Ақмола облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ) сатып алынып, жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға 5,1 млрд теңге бағытталған. Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу жоспары 320 пәтерді (19,2 мың шаршы метр) құрады.

Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау және оның ашықтығын арттыру мақсатында ҚТК алғаш рет арнайы шарттарды қолданып, «Әдемі Холдинг» ЖШС құрылыс салушысына және уәкілетті компания «ORDA Kokshetau» ЖШС-не көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға 0% мөлшерлемемен кепілдік берді.

«ORDA» тұрғын үй кешені Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов көшесі, 41-үй мекенжайында орналасқан. Жобаға сәйкес коммерциялық үй-жайлары және кіріктірілген жерасты автотұрағы бар тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысын салу қарастырылған. Жоба бойынша пәтерлердің жалпы саны – 144.

Сонымен қатар, кездесу барысында ҚТК мен уәкілетті компания «ORDA Kokshetau» ЖШС арасында «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім «Орда» тұрғын үй кешеніндегі салынып жатқан тұрғын үйді келесі шарттармен сатып алу мүмкіндігін көздейді:

  • пайыздық мөлшерлеме - 15,9%;
  • несие мерзімі - 20 жылға дейін;
  • бастапқы жарна - 20%-дан бастап;
  • қарыз сомасы - 75 млн теңгеге дейін;
  • қамтамасыз ету - салынып жатқан пәтерді кепілге қою.

Кеңес алу және несиеге өтінім беру үшін қазақстандықтар Отбасы банкінің уәкілетті агентіне жүгіне алады. Олардың байланыс деректері «Орда Аймақ» бағдарламасының сайтында орналастырылған.

https://homeportal.kz/kz/orda

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру