Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
В Алматинской области стартует программа для молодежи "Алатау жастары"

В Алматинской области стартует программа для молодежи "Алатау жастары"

22 октября 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосады. Жоба 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

«Алатау жастары» бағдарламасының шарттары бойынша қатысушылардың Алматы облысындағы ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарының тұрақты түсімі көрсетілген құжатпен растау қажет.

Сондай-ақ, өтініш берушінің Алматы облысында кемінде бір жылдық мерзімі бар тұрақты тіркеуі болуы керек. Тағы бір шарт – бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда аттарына тіркелген жылжымайтын мүліктері болмауы тиіс.

Республика күні қарсаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов пен Отбасы банкінің Алматы облысындағы филиал директоры Ғалымжан Шалғымбаев «Алатау жастары» бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды.

- Алматы облысы осындай бағдарламаларды бізден бұрын іске асырған Алматы, Астана, Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстарының оңтайлы тәжірибесін үлгі ретінде алып отыр. Бұл қалалардағы жергілікті билік Отбасы банкімен бірлесе отырып, жастарды қолдау мақсатында тұрғын үй бағдарламаларын іске қосқан. Бірінші кезеңде облыс әкімдігі жаңа жобаға 600 млн теңге бөліп отыр. Ал Отбасы банк өз кезегінде бұл қаражатқа жеңілдетілген несие беруге көмектеседі. Осындай қолдаудың арқасында облыс тұрғындары биылдың өзінде алғашқы қоныс тойын тойлайтын болады, - дейді «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтініштер 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап, бір ай бойы қабылданады. Үміткерлер облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына өтініш берулері қажет.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайлар бойынша бағдарламаға қатысушыларды іріктейді. Оларға некеде болған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, мамандығы және қызмет саласы әсер етеді.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Қатысушылар банкте төлем қабілеттілігін бағалатып, өз күштерімен баспана табулары керек. Оны сатып алуға банк 10 млн теңге несие береді. Егер мүліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, үміткер айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады.

Бағдарламаға қатысушы жаңа тұрғын үй (пайдалануға берілген болуы тиіс) сатып алса, онда алғашқы жарна 0% болады. Егер екінші нарықтан алынған тұрғын үй болса (пәтер немесе жеке үй), онда алғашқы жарна 10% құрайтын болады.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ға тең (ЖТСМ 5,2%). Несиенің максималды мерзімі – 19 жыл.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру