Талдықорған қаласының әкімдігі мен Отбасы банк «Жетісу жастары» бағдарламасын іске қосады | Жаңа бағдарлама «жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар» санатындағы баспана кезегінде тұрған Талдықорған тұрғындарының тұрғын үй мәселесін қысқа мерзім аралығында шешуге септігін тигізеді. «Жетісу жастары» бағдарлама қатысу арқылы балалар үйінің түлектері жеңілдетілген несиемен жақын арада жеке баспана алып, қоныс тойын тойлай алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Талдықорған қаласының әкімдігі мен Отбасы банк «Жетісу жастары» бағдарламасын іске қосады

Талдықорған қаласының әкімдігі мен Отбасы банк «Жетісу жастары» бағдарламасын іске қосады

13 желтоқсан 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Жаңа бағдарлама «жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар» санатындағы баспана кезегінде тұрған Талдықорған тұрғындарының тұрғын үй мәселесін қысқа мерзім аралығында шешуге септігін тигізеді.

«Жетісу жастары» бағдарлама қатысу арқылы балалар үйінің түлектері жеңілдетілген несиемен жақын арада жеке баспана алып, қоныс тойын тойлай алады.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%, ең жоғары сома – 10 млн теңгеге дейін. Егер бағдарламаның болашақ қатысушысы құрылыс салушыдан жаңа тұрғын үй алуды жоспарласа, онда ол үшін бастапқы жарна 0%, егер үй немесе пәтер қайталама нарықтан сатып алынса, онда бастапқы жарна 10% тең болады. Несие 19 жылға беріледі.

Қолжетімді несиеге қажетті қаражатты Талдықорған қаласының әкімдігі бөліп отыр. Алғашқы транш – 400 млн теңге. «Жетісу жастары» бағдарламасы бойынша несиені Отбасы банк береді. Бүгін тиісті ынтымақтастық туралы меморандумға Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбібеков пен банктің облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев қол қойды.

– Жеңілдікпен несие алатын үміткерлердің тізімін әкімдік құрды. Біз Отбасы банкінде олардың төлем қабілеттілігін тексеріп, заем береміз. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында несие төлемдері бағдарламаға қатысушылардың отбасылық бюджетіне ауыртпалық түсірмейді. Алғашқы сегіз жылда ай сайынғы төлем 76 600 – 87 600 теңгеге тең болады. Талдықорғанда пәтер жалдау қазір бұл бағамен бірдей немесе одан да қымбат. Біраз уақыттан кейін несие сомасы 46 400 теңгеге дейін төмендейді. Қолжетімді шарттармен несие алған балалар үйінің түлектері отбасыларымен бірге Жастар үйінің тар бөлмелері мен жатақханадан жеке баспаналарына көшетін болады, - деп түсіндірді «Отбасы банк» облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев.

Төмендегі талаптарға сай келетін балалар үйінің түлектері жеңілдетілген несие алуға өтініш бере алады:

- өтініш берген уақытта қатысушының жасы 35 жасқа дейін болуы керек;
- Талдықорған қаласында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуде болуы қажет;
- соңғы бес жылда тұрғын үйге меншік құқығы болмауы керек;
- Талдықорған қаласында таңдаған саласы бойынша кемінде 1 жыл ресми жұмыс өтілі болуы тиіс;
- «Жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар» санатында болуы қажет.

«Жетісу жастары» бағдарламасына қатысу жөніндегі өтініштер қай мерзімде және қайдай мекенжай бойынша қабылданатынын жергілікті әкімдік қосымша хабарлайтын болады.

Жеңілдікпен несие алатын үміткерлер пулына ұпай санын көп жинаған қатысушылар кіретін болады. Ұпайларға некеде тұрған жылдар саны, балаларының бар-жоқтығы, жұмыс орны мен өтілі, мамандығы, жеке кәсіпкер ретіндегі тәжірибесі, Талдықорған қаласында тіркеуде тұру мерзімінің ұзақтығы және т.б. есептеледі.

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру