Бүгін «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Нұр-Сұлтан қалалық филиалына «Шаңырақ» бағдарламасына қатысу туралы өтініштері мақұлданған, алайда баспана алуға несие ала алмай жүрген азаматтар келді.
«Шаңырақ» – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының пилоттық бағыты. Ол кезекте тұрған адамдарға жеке баспана алу үшін тиімді несие беруге арналған.
Оны жүзеге асыру үшін Отбасы банкіне 210 млрд теңге бөлінді. 17 131 адамға бағдарлама шеңберінде несие берілді. Әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар «5-10-20» жеңілдетілген шарттарымен жеке пәтерлер сатып алуға мүмкіндік алды, мұнда 5% - несие мөлшерлемесі, 10% - бастапқы жарна және 20 жыл - несие мерзімі. Пәтерлерді жеке құрылыс салушылардан да, otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында ұсынылған жергілікті атқарушы органдар салған тұрғын үйлерден де таңдауға рұқсат берілді.
Бүгінгі таңда «Шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржы толығымен игерілді. Қазір банк осыған дейін "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша несие алуға өтініш берген 45-50 адамға хронологиялық тәртіпте, төлем жасауға дайын. Қалған несиелер бағдарлама қатысушыларына қайтарылатын бюджет қаражаты есебінен кезең-кезеңімен берілетін болады. Жуырда Тұрғын үй саясаты тұжырымдамасын бекіту күтілуде, оның аясында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша қосымша қаржыландыру мүмкіндіктері пайда болады.
Ескере кеткен жөн, банктің барлық басқа бағдарламалары, соның ішінде нарықтық бағдарламалары бойынша несиелер «Отбасы Банк» АҚ клиенттеріне қалыпты режимде берілуде.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!