Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Montblanc» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алу үшін несие беру мәселесі бойынша «Отбасы Банктің» ұстанымы

«Montblanc» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алу үшін несие беру мәселесі бойынша «Отбасы Банктің» ұстанымы

5 желтоқсан 2025

«Отбасы Банк» MGM Development компаниясымен «Montblanc» тұрғын үй кешенінде тұрғын үйді сату бойынша ешқандай келісім-шарт немесе келісім жасамағанын хабарлайды. Сонымен қатар, банк өз ресми ресурстарында және бөлімшелерінде аталмыш құрылыс нысанына қатысты ешқандай ақпарат немесе жарнама орналастырмаған.

«Montblanc» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді салу және сату тек коммерциялық негізде жүргізілген және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары немесе әлеуметтік тұрғын үй жобаларының бөлігі болмаған.

«Montblanc» тұрғын үй кешенінен баспана алу үшін аралық қарыздар берілген. Бұл несие түрі арқылы нарықтағы кез келген жылжымайтын мүлікті – екінші деңгейлі тұрғын үйді де, құрылыс салушыдан тікелей де сатып алуға болады. Сондай-ақ екінші немесе үшінші баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Мұндай қарызды алу үшін шотыңызда несие сомасының 50%-ы болуы қажет.

Клиенттер сатып алуға болатын нысанды өздігінен таңдаған және несиеге өтініш беру үшін «Отбасы Банкке» жүгінгенімен қатар, заңнама талаптарына сәйкес толық құжат пакетін ұсынған.

Барлық несиелер қарыз алушылардың қолындағы басқа мүлікті кепілге қою шартымен берілген және несие келісімшарттары жасалған сәттегі қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылған.

2022 жылдың 14 қаңтарынан 29 шілдесіне дейін «Отбасы Банк» «Montblanc» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатып алу үшін 5 несие берген. Бұл тұрғын үй кешенінің сипаттамасында көрсетілген жалпы пәтерлер санының 5%-ын құрайды.

Жалпы несие көлемі – 232486764,67 теңге.
Қазіргі уақытта 1 қарыз толық өтелген, қалған 4 қарыз бойынша берешек қалдығы 55 485 715,40 теңге. Барлық қарыз алушылар өз міндеттемелерін тиісті деңгейде орындап отыр.

Қарыз алушылардың біріне 2026 жылдың наурызына дейін төлемді кейінге шегере отырып, қарызды қайта құрылымдау берілді. Қайта құрылымдауды банк қарыз алушы жұмысынан айырылған, сырқаттанған, бала күтімі бойынша демалысқа шыққан немесе қосымша материалдық шығындар пайда болған жағдайларда, оның қаржылық жағдайы нашарлағанын дәлелдесе, бере алады.
Сондай-ақ банкке тағы бір қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішпен жүгінді. Бұл мәселені қарау үшін ол банкке қажетті құжаттар тізімін ұсынуы тиіс.

ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 34-бабы 15-тармағына сәйкес, төлемдерді тоқтата тұру тек несие алаяқтық жолмен рәсімделген жағдайда ғана мүмкін екенін еске саламыз.

Қазіргі уақытқа дейін құқық қорғау органдары Банкке аталған несиелерді рәсімдеу барысында алаяқтық фактілері туралы қандай да бір ақпарат берген жоқ.

Осыған байланысты төлемдерді тоқтата тұру үшін заңды негіздер жоқ.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес, қарыз алушылар өздеріне зиян келтірген тұлғаларға азаматтық талап қоюға құқылы. Егер құрылыс компаниясының басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда, клиенттер келтірілген мүліктік және моральдық зиянды өтеуді кінәлі тұлғадан талап ете алады.

Үш қарыз алушыда тұрғын үй сатып алуға жұмсалған қаражатты құрылыс салушыдан өндіріп алу туралы сот шешімі бар екені белгілі.

Сонымен қатар, заңнамадағы өзгерістерге назар аударамыз.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Заңымен «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді.

2025 жылдың 31-ші тамызынан бастап банктерге келесі жағдайларсыз жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен салынатын көппәтерлі тұрғын үйлерден пәтер сатып алу үшін ипотекалық несие беруге тыйым салынады: үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың болуы; «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлестік қатысу кепілдігі туралы шарттың жасалуы.

«Отбасы Банк» қарыз алушыларға қолданыстағы құқықтық алаң шеңберінде ғана қолдау көрсетуге дайын екенін растайды.

Банк азаматтарды шатастыруы мүмкін тексерілмеген немесе жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады.

Банк ашықтық қағидаттарын ұстанады және өз қызметіне қатысты мәселелер бойынша әрдайым түсініктеме беруге дайын.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру