Отбасы банк «Жасыл ипотека» бағдарламасын іске қосты | Жаңа жылдың басынан бастап қазақстандықтар «жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға несие ала алады. «Жасыл ипотека» бойынша бастапқы жарна 20% құрайды. Егер ол бар болса, Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері алдын ала заем алуға мүмкіндік алады. Мұндай несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 12,5% (ЖТСМ 13,3% бастап) тең болады, алайда 10 жылдан кейін ол төмендейді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк «Жасыл ипотека» бағдарламасын іске қосты

Отбасы банк «Жасыл ипотека» бағдарламасын іске қосты

4 қаңтар 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Жаңа жылдың басынан бастап қазақстандықтар «жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға несие ала алады.

«Жасыл ипотека» бойынша бастапқы жарна 20% құрайды. Егер ол бар болса, Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері алдын ала заем алуға мүмкіндік алады. Мұндай несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 12,5% (ЖТСМ 13,3% бастап) тең болады, алайда 10 жылдан кейін ол төмендейді.

Осы кезең аралығында қарыз алушының ай сайынғы төлемдерді екі бөліктен тұратын болады. Төлемдердің бірінші бөлігі – несиені өтеуге, ал екіншісі – депозитті толықтыруға аударылып отырады. Депозитке жинақталып жатқан алғашқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін жеткенде, Отбасы банкінің клиенті тұрғын үй заемына ауысады. Бұл салымда жинақталған қаражат ипотеканы өтеуге жұмсалып, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме бағалау көрсеткішке байланысты 3,5%-дан 5% (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) аралығында төмендейді деген сөз.

«Жасыл ипотека» бойынша несиенің ең жоғары сомасы 35 млн теңгеге дейін. Несие тек жаңа баспана сатып алу үшін ғана беріледі.

Тұрғын үйді ӨМІР, Р МЕМСТ, BREAM немесе LEED стандарттарына сәйкестік сертификаты бар нысандардан ғана сатып алуға болады.

Отбасы банк клиенттеріне алғашқылардың бірі болып «Best building» ЖШС өзінің «Grand Victoria» тұрғын үй кешенін ұсынып отыр. «Жасыл ипотека» сәйкестік стандарттарына сай салынған жаңа үйлерден банк клиенттері таңдауындағы пәтерлерді сатып ала алады. Бұл нысанға «Өмір» - ғимараттарды экологиялық бағалаудың қазақстандық жүйесінің сертификаты берілген.

– Отбасы банк Қазақстанда алғаш рет «жасыл ипотеканы» іске қосты. Экологиялық құрылыс стандарттарына сәйкес келетін құрылыс салушылармен біз келісім жасап, жаңа жоба бойынша несиелендіруді бастаймыз. Оны жүзеге асыру үшін Отбасы банк бірінші кезеңінде өз қаражаты есебінен 10 млрд теңге бөліп отыр. Несие алуға өтінімдер онлайн қабылданатын болады. Біз мұнда да «жасыл ипотека» қағидатын ұстанып, экологиялық тазалықты қолдау ниетімізді жалғастырамыз, – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Жасыл ипотека» - бұл азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған заем. Яғни құрылыс барысында құрылыс салушы қауіпсіз және экологиялық таза материалдарды пайдаланады, айналасындағы аумақты ландшафттар мен жасыл желектермен безендіреді, қалдықтарды жою жүйесін ұйымдастырады, суды үнемдейтін технологияларды пайдаланады және энергияны үнемдейтін шешімдерді қолданады деген сөз.

Несиеге онлайн өтініш беру үшін www.hcsbk.kz немесе www.otbasybank.kz сайттарындағы бейне сілтеме арқылы банк менеджеріне хабарласу қажет.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру